Көк бұқа

Мұңғұл-қазақ жауласып тұрған шақтарда, мұңғұл елі қазақтың бір ауылының мал-жанын барымтаға алып кетіпті. Осы барымтаға айдалған малдың ішінде бір қора сиыр кетіпті. Келесі көктемдердің бірінде әлгі бір қора сиырды бір көк бұқа қайта айдап келіпті. Бақса, көк бұқа барымтаға кеткен сиырлардың біреуінің ішінде бұзау кетк...

Kazakh
Көк бұқа
Мұңғұл-қазақ жауласып тұрған шақтарда, мұңғұл елі қазақтың бір ауылының мал-жанын барымтаға алып кетіпті. Осы барымтаға айдалған малдың ішінде бір қора сиыр кетіпті. Келесі көктемдердің бірінде әлгі бір қора сиырды бір көк бұқа қайта айдап келіпті. Бақса, көк бұқа барымтаға кеткен сиырлардың біреуінің ішінде бұзау кеткен екен. Жануар мұңғұл жеріне барып туып, бұзауынан бұқаша болғанға дейін ол жерді жерсінбей жүріпті де, өзі құнан бұқаға айналған көктемде бір қора сиырды айдап ежелгі мекеніне жеткен екен. «Көк бұқа» күйі осыдан пайда болыпты.
English
Blue Bull
During the times when the Mongols and Kazakhs were at war, the Mongol people took the livestock of one Kazakh village in a raid. Among the livestock taken in this raid, there was a herd of cows. In one of the following springs, one of those cows was brought back by a blue bull. It turned out that the blue bull was born from one of the cows that had been taken in the raid. The animal had gone to the Mongol land and, until it grew into a bull, it had not settled in that place. However, in the spring when it became a young bull, it drove a herd of cows back to its ancient homeland. The song "Blue Bull" originated from this.