Бозінген (І нұсқа)

Көктемнің шуағын көріп, қойы төлдеп, қара шаңырақты салар жалғыз інгендері боталап қарық болып отырған үйге түнерген жәй бұлтындай жауыз шапқыншылар лап қояды. Шапқыншылар үйді ойрандап, өрістегі малға тап береді. Осы қуғын ішінде қыр асып қана жайылып тұрған бозінген де кетеді. Бозінген басы-көзге сабаланып, зорлықпен...

Kazakh
Бозінген (І нұсқа)
Көктемнің шуағын көріп, қойы төлдеп, қара шаңырақты салар жалғыз інгендері боталап қарық болып отырған үйге түнерген жәй бұлтындай жауыз шапқыншылар лап қояды. Шапқыншылар үйді ойрандап, өрістегі малға тап береді. Осы қуғын ішінде қыр асып қана жайылып тұрған бозінген де кетеді. Бозінген басы-көзге сабаланып, зорлықпен жетекте бара жатып, өзінің артта қалған ақ ботасын қимай зар илеп боздап, тостағандай жанарынан жас сорғалайды. Осылайша зар илеп бара жатқан бозінген бір қолдан босай қалған орайда сытылып кейініне қашады. Қуғыншылар қанша қуғанымен жете алмай, ақыры күдер үзеді. Неше күндік жолды зар еңіреп ботасына жеткен інгеннің сүлдері қалған екен. Сонда боздап тұрған бота да інгеннің алдынан жүгіріп табысады.
English
Bözinген (Version I)
Seeing the spring sunshine, the sheep are lambing, and the lone mare, who is the pillar of the household, is joyfully giving birth in the home, suddenly, like a dark cloud, cruel invaders attack. The invaders ravage the house and set upon the livestock in the pasture. In the midst of this chase, the gray mare that had been grazing over the hill also flees. With her head and eyes battered, being forcefully led away, she mourns for her white foal left behind, weeping and shedding tears like a cup. As she is lamenting, at one moment, the gray mare manages to break free and escapes to the hills. Despite the pursuers chasing her, they cannot catch up, and eventually, they give up. After days of traveling, the mare, who has reached her foal with tears of sorrow, is left exhausted. At that moment, the weeping foal also runs to meet the mare.