Шыңырау (V нұсқа)

Самұрық дейтін құс болған екен. Ол үнемі мұхиттың ортасындағы бір үлкен бәйтерекке балапандап, балапандарына жем тасығанда, бір ретте бірер айлық жемін әкеліп тастап кетеді екен. Самұрық тұяғына бес киіктен, он тұяғына он киік іліп әкеледі екен. Ол бір жолы жем әкеле жатып, теңізден өтерде қанаты талып, бірде төмендеп,...

Kazakh
Шыңырау (V нұсқа)
Самұрық дейтін құс болған екен. Ол үнемі мұхиттың ортасындағы бір үлкен бәйтерекке балапандап, балапандарына жем тасығанда, бір ретте бірер айлық жемін әкеліп тастап кетеді екен. Самұрық тұяғына бес киіктен, он тұяғына он киік іліп әкеледі екен. Ол бір жолы жем әкеле жатып, теңізден өтерде қанаты талып, бірде төмендеп, бірде көтеріле беріпті. Жемді тастайын десе қимай, тастамайын десе дәрмені кетіп шырылдайды екен. «Шыңырау» күйі сол самұрықтың зары екен дейді.
English
Shyngyrau (Version V)
There was a bird called Samuryk. It always brought food to its chicks in a large tree in the middle of the ocean, and once in a while, it would leave a month's worth of food. Samuryk would bring five gazelles on one claw and ten gazelles on the other claw. One time, while bringing food, as it crossed the sea, its wings grew tired, and it kept going up and down. When it thought of dropping the food, it couldn't bear to do so, and when it thought of holding on, it lost its strength and cried out. They say the "Shyngyrau" melody is the lament of that Samuryk.