Байшыбырдың күйі – арман

Ертеректе аң аулап, күн көретін Байшыбыр деген адам болған. Ол жар дегенде жалғыз ұлы ғана бар, басқа жарлы адам екен. Қақпан салып шиті мылтығымен аң-құс атып күнелтіп жүріпті. Мергеннің қосының маңын да суырдың іні бар екен. Індегі бір жуан суыр қалай аңдыса да, мергенге атқыза қоймапты. Бір күні мерген аңнан қайтып...

Kazakh
Байшыбырдың күйі – арман
Ертеректе аң аулап, күн көретін Байшыбыр деген адам болған. Ол жар дегенде жалғыз ұлы ғана бар, басқа жарлы адам екен. Қақпан салып шиті мылтығымен аң-құс атып күнелтіп жүріпті. Мергеннің қосының маңын да суырдың іні бар екен. Індегі бір жуан суыр қалай аңдыса да, мергенге атқыза қоймапты. Бір күні мерген аңнан қайтып келе жатса, әлгі аңдып алдырмай жүрген суыры іннің аузында отырыпты. Атып алудың орайы енді келген екен деп білген мерген отыра қалып тартып жіберіпті. Жүгіре келсе, атқаны суыр емес, өзінің саржарғақ тонын киіп іннің аузында әкесін тосып ойнап отырған жалғыз ұлы болып шығады. Қанша өкіріп, бақырып өз басын өзі тоқпақтағанмен оққа ұшқан бала тірілер ме?! Осыдан «Арман» күйі қалған екен.
English
The melody of Baishybyr is a dream.
Once upon a time, there was a man named Baishybyr who lived by hunting. He had only one son, and he was otherwise a poor man. He would set traps and hunt birds and animals with his shotgun to make a living. Near the marksman's camp, there was a groundhog's burrow. In that burrow, there was a fat groundhog that never allowed the marksman to take a shot at it. One day, as the marksman was returning from hunting, he saw that the groundhog he had been trying to catch was sitting at the entrance of its burrow. Thinking that the opportunity to shoot had finally come, the marksman sat down and took aim. When he ran up, he found that the one he had shot was not a groundhog, but his only son, who had put on his father's coat and was playing at the entrance of the burrow, waiting for him. No matter how much he cried and shouted, beating his own head, could the boy who was shot come back to life?! From this, the "Arman" melody was born.