Арман (І нұсқа)

Ерте замандарда Асан деген баланың жеті жасында әкесі қайтыс болып, анасы Жаңыл екеуі жетім қалады. Күн көрістің қиындығынан анасы Жаңыл сол елдегі Тахир деген ханның аңға шығатын иттерінің күтушісі болады. Ал Асан болса кішкентайынан ханның қозысын бағады. Осылайша, талай жылдар өтеді. Ауыр жұмыс Асанның анасы Жаңылды...

Kazakh
Арман (І нұсқа)
Ерте замандарда Асан деген баланың жеті жасында әкесі қайтыс болып, анасы Жаңыл екеуі жетім қалады. Күн көрістің қиындығынан анасы Жаңыл сол елдегі Тахир деген ханның аңға шығатын иттерінің күтушісі болады. Ал Асан болса кішкентайынан ханның қозысын бағады. Осылайша, талай жылдар өтеді. Ауыр жұмыс Асанның анасы Жаңылды әбден қажытады. Оңашада бір мұңды әуенге салып: Ит өмірде итшілеп, Итпен бірге үйшігім. Иттің де бар иесі, Иттен де жаман біздің күн. Ит өмірден құтылып, Жарылқайтын күн туып, Жақсылық көрер ел барма, Бәйшешегі құлпырып. Кедейліктен жаман жоқ, Кентай құрлы бағам жоқ. Басар тау барар панам жоқ, Бізді ескерер адам жоқ, Егілсін зарлап мұңлы күй, Одан басқа шарам жоқ, – деп ылғи да әндетіп отырады. Естігенін ұмытпайтын қағылез болып өседі. Хан сарайында болып жатқан сауық-сайранда шырқалған ән, тартылған күй көкірегіне тоқыла береді. Ұзақты күн қой соңында жүрсе де, қарап жүрмей, қурайдан әдемі үнді сыбызғы жасап алады. Ол сыбызғымен өзінің естіген ән-күйлерін тартып үйренеді. Асан тартқан сыбызғының тамаша сазына егіз лағы бар елік келіп, үнемі билеп асыр салып ойнайды екен. Олар сыбызғы сазына үйренгені сондай – Асаннан да қорықпайды, еттері үйреніп бауыр басады. Күндерде бір күн мұны естіп білген Тахир ханның ерке баласы егіз лақты «елікті маған ұстап бер» деп Асанды қатты қинайды. Қамшының астына алып сабаса да, Асан лақтарды ұстап бермейді. Әбден долданған хан баласы бұл жайды әкесіне айтады. Тахир хан Асан мен Жаңылды шақыртып алып: «Ертең елікті лақтарымен алып келіңдер. Менің сарайымда билеп тұратын болсын. Орындамасаңдар, бастарыңды аламын», – дейді. Тахир ханның қаһарынан зәрелері ұшып қорыққанынан Жаңыл мен Асан елікті егіз лағымен хан сарайына әкеліп береді. Хан сарайдағы сыбызғышыны шақырып сыбызғы тартады. Бірақ еліктің лақтары билемей, мелшиіп тұра береді. Ашуланған хан бұл сыбызғышының басын алдырады да, екінші сыбызғышыны алдырады. Еліктер ол сыбызғышының тартқанына да қозғалмай тұра береді. Әбден қаһарына мінген хан, үшінші сыбызғышыны шақыртады. Жанынан түңілген сыбызғышы Асанның сыбызғысының сиқыры бар деп, соны сұратып алады. Еліктер оған да селк етпейді, сол баяғы мелшиген қалпы, сілейіп тұра береді. Хан бұл сыбызғышының да басын алғызады. Сол елде ұзақ жасаған кәрі сыбызғышы бар екен. «Солай да, солай! Хан еліктің лағын билете алмаған сыбызғышылардың басын алып жатыр» дегесін қаусап отырса да, амалсыз әрең басып, ханға келеді. «Тақсыр хан, бұл еліктің лағын билетер сыбызғының сарынын білсе, сол Асан деген бала біледі, соның өзін алдыртыңыз», – дейді. Кәрі адамның сөзін кері қайтара алмай хан Асанды алдыртады да, қолына сыбызғысын ұстатады. Асан не бір сұлу сазды күйлерді, таңғажайып сырлы үнмен құйқылжыта тартқанда еліктің лағы билеп ала жөнеледі. Сыбызғының әдемі сазына өзі де елітіп, беріле ұйып тыңдайды. Асанның өнеріне риза болған хан: «Мен, кәрімді төксем жоқ қылам, мейірімім түссе, жарылқаймын! Қане айт! Не тілегің бар?» – дейді Асанға. Асан ханға басын иіп, рахметін айтады да: «Маған ештеңе де керек емес, менің анам Жаңылға, өзіме бас бостандығымызды берсеңіз, елікті лақтарымен босатсаңыз болды. Тілегім осы», – дейді. Тахир хан дүйім елдің алдында берген уәдесін кері жұта алмай, Асанның тілегін орындайды. Ғасырлар бойы сыбызғыда тартылып келе жатқан сұлу сазды «Арман» күйінің тарихы осылайша баяндалады.
English
Dream (Version I)
In ancient times, when a boy named Asan was seven years old, his father passed away, leaving him and his mother, Zhanil, orphaned. Due to the hardships of making a living, Zhanil became the caretaker of the hunting dogs of a king named Tahir in that land. Meanwhile, Asan tended to the king's lambs from a young age. Thus, many years passed. The hard work exhausted Zhanil. In solitude, she would sing a mournful tune: In life, like a dog, My hut is with the dog. Even the dog has an owner, Our days are worse than a dog’s. If the dog escapes from life, A day of salvation will come, Is there a land that will see good, Where the wildflower blooms? There is nothing worse than poverty, I have no worth like a beggar. I have no mountain to climb for refuge, There is no one to remember us, Let the sorrowful tune lament, I have no other remedy. – and she would always sing. Asan grew up to be clever, never forgetting what he heard. The songs and melodies sung during the festivities at the royal palace would resonate in his heart. Even though he spent long days with the sheep, he did not just watch; he made a beautiful-toned flute from reeds. With that flute, he learned to play the songs and melodies he had heard. The beautiful sound of the flute attracted a pair of fawns, who would always dance and play joyfully. They became so accustomed to the flute's melody that they were not afraid of Asan and grew fond of him. One day, the spoiled son of King Tahir, having heard about this, tormented Asan, demanding, "Catch the fawn for me!" Even when beaten with a whip, Asan refused to hand over the fawns. The furious prince reported this to his father. King Tahir summoned Asan and Zhanil and said, "Tomorrow, bring the fawn with its twins. Let them dance in my palace. If you do not comply, I will take your heads." Terrified by the king's wrath, Zhanil and Asan brought the fawn and its twins to the royal palace. The king called for a flutist to play, but the fawns stood still and did not dance. Enraged, the king had the flutist executed and called for another. The fawns remained motionless, not responding to the second flutist either. The king, thoroughly enraged, summoned a third flutist. The despondent flutist, realizing the magic of Asan's flute, requested it. Yet, the fawns still did not move, remaining frozen in place. The king had this flutist executed as well. In that land, there was an old flutist who had lived long. "Indeed! The king is executing flutists who cannot make the fawn dance," he said, and despite his frailty, he reluctantly went to the king. "Your Majesty, if anyone knows the melody that can make the fawn dance, it is that boy named Asan. Have him brought to you," he said. Unable to refuse the old man's words, the king summoned Asan and handed him the flute. When Asan played beautiful, enchanting melodies, the fawn began to dance. Enchanted by the flute's lovely sound, even the king listened intently. Pleased with Asan's talent, the king said, "If I pour out my old age, I will not harm you; if my mercy falls upon you, I will bless you! Now tell me! What is your wish?" Asan bowed his head to the king, thanked him, and said, "I need nothing for myself; if you grant my mother Zhanil and me our freedom and release the fawn with its twins, that is all I wish." King Tahir, unable to go back on his promise in front of the entire people, fulfilled Asan's wish. Thus, the history of the beautiful melody played on the flute, known as "Arman," is narrated.