Сырым сазы

Сырым батыр, сөзге шешен, би ақын, күйші, елдің елдігін, халықтың бостандығын армандаған бүкіл саналы өмірін соның жолында күреспен өткізеді. Сырым туралы ел жадында әдемі аңыздар, қызықты сөздер көп болған. Солардың бірі былай айтылады: Сырымның арғы атасының аты Шопан екен. Жорықта жауға жалғыз шауып, ылғи жеңіске же...

Kazakh
Сырым сазы
Сырым батыр, сөзге шешен, би ақын, күйші, елдің елдігін, халықтың бостандығын армандаған бүкіл саналы өмірін соның жолында күреспен өткізеді. Сырым туралы ел жадында әдемі аңыздар, қызықты сөздер көп болған. Солардың бірі былай айтылады: Сырымның арғы атасының аты Шопан екен. Жорықта жауға жалғыз шауып, ылғи жеңіске жететін оны басқалары күндейтін көрінеді. Күндерде бір күндері қалың әскер шөлге тап болып, оларды бұдан құтқарудың амалын ойлаған Шопан жапан түзде, жапан даладан шыңырау құдық қазады да бір тайды бітеу сойып, оның терісінен үлкен мес жасайды. Сосын қасындағыларға қарап: «Ал, жігіттер, енді біреулерің құдықтың ішіне түсіп, меске су толтырып тұрыңдар. Біз мына жақтан мал мен жанды суара берейік» дейді. Сол екен, мұның көзін құртудың сағатын күтіп аңдумен жүрген біреулер: «Міне, сәті енді түсті» деп қуанып кетеді. Сөйтіп, әлгілердің бәрі бірдей: «Ойбай-ау, Шопан жан- ау, оған жүрегі барып өзіңнен басқа кім түседі» деп шулап қоя береді. Оны қалғандары да қостайды. Сөйтіп, Шопан құдықтың түбіне түседі. Мал мен жанды әбден суарып қандырады. Енді оның арқан тартып, құдықтан шығар кезінде сырттағы тұрғандар бірін-бірі азғырып Шопанда құдық түбіне қалдырып кетуге келіседі. Мұны сезген Шопан құдық түбінен дауыстап: «Ал, жігіттер, мені тастап кетіп бара жатсыңдар, ендеше ағайындарға сәлем айтыңдар, мен шығарда әйелім ауыр қалып еді, ұл туса атын Дат қойсын» дейді. «Шопан жау қолынан қаза тапты» деп елге жалған хабар әкелген әлгі қаскөйлер Шопанның құдық түбінде тұрып айтқан сөзін көзін жұмғалы жатқанда бізге айтқан аманат арызы еді» деп жеткізеді. Сонымен, дүниеге ұл келеді, оның атын ағайын Дат қояды, Даттан Сырым туады. Сырым сазы күйі көне сазға құралған, өзіндік табиғаты бөлек әдемі күй, күйде Сырымның жорықтары суреттеледі.
English
Syrym Sazy
Syrim Batyr, eloquent in speech, a wise poet, a musician, spent his entire conscious life fighting for the dignity of his people and the freedom of his nation. There are many beautiful legends and interesting stories about Syrim in the memory of the people. One of them goes like this: Syrim's distant ancestor was named Shopan. He was known for charging alone into battle and always achieving victory, which made others envious of him. One day, a large army found themselves in a desert, and Shopan, thinking of a way to save them, dug a deep well in the wilderness and slaughtered a mare to make a large leather bag. Then he said to those around him, "Alright, boys, one of you get into the well and keep filling the bag with water. We will continue to water the livestock and people from this side." At that moment, some who had been waiting for an opportunity to eliminate him thought, "Now is our chance," and rejoiced. Thus, they all began to shout, "Oh dear, Shopan, who else but you will go down there?" The others joined in. So, Shopan descended to the bottom of the well. He thoroughly watered the livestock and people. Now, as he was pulling himself out of the well, those outside conspired to leave him at the bottom. Sensing this, Shopan shouted from the bottom of the well, "Alright, boys, you are leaving me behind, so please send my regards to the relatives. My wife was in labor when I left; if a son is born, let him be named Dat." The wicked ones who brought false news to the people that "Shopan was killed by the enemy" conveyed his words as a final message just as he was about to close his eyes. Thus, a son was born, and the relatives named him Dat, from whom Syrim was born. The music of Syrim is composed of ancient melodies, a beautiful tune with its own unique nature, depicting Syrim's campaigns.