Кербез қыз (V нұсқа)

Құба жонда жылқы бағып жүрген жылқышы жігіт жақын маңдағы ауылдардың біріне қыдырып барса, үйде тұлғасы көз тартып, көңілді баурарлықтай, ақ тістері тізілген, алма мойны үзілген, қос бұрымы өкшесін соққан бір қыз отырады. Қыздың көркіне мінезі сай. Жылқышы жігіттің аман-сәлеміне ашық- жарқын үнмен жауап қайтарады да, о...

Kazakh
Кербез қыз (V нұсқа)
Құба жонда жылқы бағып жүрген жылқышы жігіт жақын маңдағы ауылдардың біріне қыдырып барса, үйде тұлғасы көз тартып, көңілді баурарлықтай, ақ тістері тізілген, алма мойны үзілген, қос бұрымы өкшесін соққан бір қыз отырады. Қыздың көркіне мінезі сай. Жылқышы жігіттің аман-сәлеміне ашық- жарқын үнмен жауап қайтарады да, орнынан тұрып, от жаға бастайды. Жігіт төр алдына жайғасып, отырады да, жүкке сүйеулі тұрған домбыраны алып, ақырын ғана шерте отырып, екі көзін қыздан аудармайды. Қыздың мүсіні қандай сұлу болса, қимылы да сондай сұлу. Кербез қимылдап от тамызып, шәйнек асады, қолына түйір кіршік жуытпайды, ыдыс-аяғы да мұнтаздай. Дастархан дайындап тұрған қыз жігіттің шертіп отырған бірдің басы, бірдің аяғы араласқан берекесіз күйін естіп мырс етіп күліп жібереді. Мұны көзі шалған жігіт талғамсыз шертіп отырған домбырасын қоя салып қыздан: – Неге күлдің, құрбым? Мазағың болдым-ау, – деп өкінеді. – Қыран ғана мекендеген асқар тауда жүрген жігіт талғампаз болмас па еді. Қайран домбыраның қор болып, сөйлей алмай, не айтарын біле алмай тілі күрмеліп отырғанына жаным ашығаны да. Сіздей жігітті неге қорлайын? – дейді әзілдеп. Қыз сөзінен ұтылған жігіт білегін түріп, домбырасын көктейді де, жаңа бір күйді шертіп ала жөнеледі. Жігіттің тартқан күйін қыз ұйып тыңдап, күй аяқталғанша қозғалмастан мелшиіп тұрып қалады. Күйді бітіп қыздың шын беріле тыңдаған мына тұрысына разы болған жігіт: «Күй сырын ұққан адам сендей-ақ болар! Сыртың сұлу, қимылың кербез бе десем, нағыз сұлулық пен кербездік ішіңде екен. Сол кербездігіңе тартқан сыйым осы күй «Кербез қыз» күйі болсын», – депті.
English
The Graceful Girl (Version V)
On the dusty steppe, a young horse herder, while visiting one of the nearby villages, finds a girl sitting at home who captivates the eye with her figure, has a cheerful demeanor, white teeth lined up, a slender neck, and two braids that touch her heels. The girl's beauty matches her character. She responds to the young herder's greetings with a bright voice, stands up, and begins to light a fire. The young man settles down in front of her, takes the dombyra leaning against the load, and starts to play softly, not taking his eyes off the girl. As beautiful as the girl's figure is, her movements are equally graceful. She elegantly stirs the fire, pours water from the kettle, keeps her hands spotless, and her dishes are immaculate. While preparing the table, the girl chuckles at the disordered tune the young man is playing, which is a mix of beginnings and endings. Noticing this, the young man puts down his dombyra and asks the girl: – Why did you laugh, my friend? Did I amuse you? – Wouldn't a young man wandering in the lofty mountains, where only eagles dwell, be discerning? I felt sorry for the poor dombyra, unable to express itself, struggling to find its voice. Why would I insult a young man like you? – she replies playfully. The young man, feeling defeated by her words, rolls up his sleeves, tunes his dombyra, and begins to play a new melody. The girl listens intently to the tune he plays, standing still until the end of the piece. After the music finishes, pleased with the girl's sincere attention, the young man says: “Only someone who understands the essence of music could be like you! You are beautiful on the outside, and I wondered if your movements were graceful, but true beauty and grace lie within you. This melody, inspired by your grace, shall be called ‘The Graceful Girl’.”