Ақсақ Темір мен домбырашы

Атақты Ақсақ Темір бір ауылға келгенде, сол жердегі домбырашылар түгел жиналыпты. Домбырашылар түрлі күйді шертіп, тәтті әуендерді төгілдіре тартса керек. Солардың бәрін таратып жіберіп, тартқан күйлеріне өте риза болып, Ақсақ Темір бір күйшіні алып қалыпты. Ақсақ Темір күйшіден: – Сенің атың кім? – деп сұрапты. – Мені...

Kazakh
Ақсақ Темір мен домбырашы
Атақты Ақсақ Темір бір ауылға келгенде, сол жердегі домбырашылар түгел жиналыпты. Домбырашылар түрлі күйді шертіп, тәтті әуендерді төгілдіре тартса керек. Солардың бәрін таратып жіберіп, тартқан күйлеріне өте риза болып, Ақсақ Темір бір күйшіні алып қалыпты. Ақсақ Темір күйшіден: – Сенің атың кім? – деп сұрапты. – Менің атым Дәулет! – депті күйші. Ақсақ Темір: – Шіркін-ай, Дәулет те соқыр бола ма екен? – десе керек. Сонда Дәулет жұлып алғандай: – Тақсыр-ау, Дәулет соқыр болмаса, Ақсақтың үйіне барар ма еді! – депті.
English
Ak Sak Temir and the Dombra Player
The famous Ak Sak Temir came to a village, and all the musicians there gathered. The musicians played various tunes, pouring out sweet melodies. After dispersing them all, Ak Sak Temir was very pleased with the music they played and kept one musician. Ak Sak Temir asked the musician: – What is your name? – he inquired. – My name is Daulet! – replied the musician. Ak Sak Temir said: – I wonder, can Daulet be blind? – it is said. Then Daulet, as if he had snatched the words, replied: – Oh, my lord, if Daulet were not blind, would he go to Ak Sak's house! – he said.