Жалғыз жігіт (ІІІ нұсқа)

Ертеректе бір кедейдің баласы болыпты, сол кедей жігіт әкесімен бірге байдың малын бағып, жалшысы болады. Байдың да, кедейдің де жалғыз-жалғыздан ғана ұлдары болса керек. Ақ патшаның әскеріне қызмет ету үшін, бай өз баласының орнына кедейдің баласын әскерге жіберетін болып кедейге айтқаны: – Сенің балаң менің баламның...

Kazakh
Жалғыз жігіт (ІІІ нұсқа)
Ертеректе бір кедейдің баласы болыпты, сол кедей жігіт әкесімен бірге байдың малын бағып, жалшысы болады. Байдың да, кедейдің де жалғыз-жалғыздан ғана ұлдары болса керек. Ақ патшаның әскеріне қызмет ету үшін, бай өз баласының орнына кедейдің баласын әскерге жіберетін болып кедейге айтқаны: – Сенің балаң менің баламның орнына барып келсін. Балаң келгенше менің қорамның шетінде отырып малымды бағып, отынымды жарып, бірді-жарым сауынды сиырымды сауып, ескі-құсқымды киіп жаныңды бағып отыра бер. Балам аман-есен оралып келіп жатса, мен саған берген дүниелерімді сұрамаймын, – депті. Амалсыз кедейдің баласы байдың баласының орнына кете барады. Сондағы жігіттің әке-шешесімен, қарындасымен қоштасқан күйі.
English
The Lonely Young Man (Version III)
Once upon a time, there was a poor man's son who, together with his father, tended to the rich man's livestock and worked as a servant. It seems that both the rich and the poor had only one son each. To serve in the army of the White Tsar, the rich man told the poor man: – Let your son go in place of my son. Until my son returns, let your child sit at the edge of my corral, tend to my livestock, chop my firewood, and milk my few cows while wearing my old clothes to take care of himself. If my son returns safely, I will not ask for the things I gave you, – he said. Reluctantly, the poor man's son went away in place of the rich man's son. That was how the young man said goodbye to his parents and sister.