Майдажал

Ертеде бір бай болыпты, байдың мыңғырған көп жылқысының ішінен не жорға, не жүйрік шықпапты. Содан ақ ордасын жайлауға тігіп қойып, қалың құлынды үйге келер жолды айналдыра желі тартып бие байлапты. Оның ойы: «Келе жатқан сыншылар, құлындарды сынап өтіп үйге келгенде, өз сынын айтады» деген үміт. Сөйтіп жүргенде бір сы...

Kazakh
Майдажал
Ертеде бір бай болыпты, байдың мыңғырған көп жылқысының ішінен не жорға, не жүйрік шықпапты. Содан ақ ордасын жайлауға тігіп қойып, қалың құлынды үйге келер жолды айналдыра желі тартып бие байлапты. Оның ойы: «Келе жатқан сыншылар, құлындарды сынап өтіп үйге келгенде, өз сынын айтады» деген үміт. Сөйтіп жүргенде бір сыншы бала құлындарды жағалап келе жатып, бір құлынды екі-үш айналып шығып әрі қарап, бері қарап, сәлем беріп үйге кіреді. Сонда бай: «Сен бір құлынға ұзақ қарадың ғой, жүйрік пе, әлде жорға ма?» – деп сұрапты. Сонда бала: «Жүйрік шығады» деген екен. «Олай болса, сол құлынды сен өзің бағып-бапта» депті бай балаға. Бала өзі баптап өсірген құлынын, ат болғанда үлкен бір тойдағы ат жарысқа қосыпты, аты сол бәйгеден жеке-дара озып келген екен. Шапқанда аттың сұйық жалы желге желкілдеп келе жатса керек, сол атқа арнап сыбызғышылар күй шығарып, атын «Майдажал» қойған деседі.
English
Maidajal
Once upon a time, there was a rich man, and among his numerous horses, there were neither a trotter nor a racer. So, he set up his white yurt in the summer pasture and tied mares around the house with a thick rope, hoping that the critics coming to evaluate the foals would give their opinions after passing by. While he was doing this, a young critic came along, circling around one foal two or three times, looking closely, and then greeted and entered the house. The rich man asked, "You looked at one foal for a long time, is it a racer or a trotter?" The boy replied, "It will be a racer." The rich man then said to the boy, "In that case, you take care of that foal yourself." The boy raised the foal he had cared for, and when it grew up, he entered it into a horse race at a big celebration, and the horse won the race by a large margin. As the horse galloped, its flowing mane fluttered in the wind, and the musicians composed a tune for that horse, naming it "Maidazhal."