Ойбай, бегім бер!

Бай баласы мен кедей баласы серіктесіп бек теруге шығады. Ішер ас пен мінер көлікке қысылып көрмеген бай баласы ер- тұрманы келіскен атқа мініп шығады да, аяқ артары жоқ кедей баласы жаяу шығады. Бірақ бай баласы артынан еріп жаяу салпақтап, болдырып келе жатқан кедей баласына байлығы мен салтанатын көрсеткендей ат үст...

Kazakh
Ойбай, бегім бер!
Бай баласы мен кедей баласы серіктесіп бек теруге шығады. Ішер ас пен мінер көлікке қысылып көрмеген бай баласы ер- тұрманы келіскен атқа мініп шығады да, аяқ артары жоқ кедей баласы жаяу шығады. Бірақ бай баласы артынан еріп жаяу салпақтап, болдырып келе жатқан кедей баласына байлығы мен салтанатын көрсеткендей ат үстінде шалқалай отырып, оны мінгестіріп те алмайды. Туғаннан тақыршылық азабын көріп өскен кедей баласы аттылы бай баласынан қалыспай жүріп отырып бек теретін жерге де жетеді. Туғаннан шөп басын сындырып көрмеген бай баласы маңдытып бек тере алмайды, кедей баласы одан әлдеқайда артық бек теріп алады. Даяр тұрған бекті теріп алудан ерінген бай баласы кедей баласының дорбасындағы бекке көзін сүзіп қарайды, соны олжалаудың амалын қарастырады. Бек теріп болғаннан кейін екі бала келген ізімен қайтады. Залым бай баласы кедей баласының бегін алудың жолын ойлап, дорбадағы бегін көтеріп жаяу келе жатқан кедей баласының бірде соңынан еріп, бірде қатарласып аяңдайды да отырады. Жол ортасынан асқан кезде жаяу баламен қатарласып келе жатқан бай баласының бегін іліп алады да, атын тебініп қап, шаба жөнеледі. Біршама жер жүріп шаршаған кедей баласы оның артынан «Ойбай, бегім бер», – деп айқайлай қуады. Аттылы жаяуға қайдан жеткізсін. Бай баласы бекті сол күйі алып қашып кетеді. Кедей баласының: «Ойбай, бегім бер», – деп айғайлағанын естіген күйші бала зарын бейнелеп, осы күйді шерткен екен дейді.
English
Oh dear, give me!
The rich boy and the poor boy set out together to gather wild herbs. The rich boy, who had never experienced the struggle for food or transportation, rode a well-equipped horse, while the poor boy, who had no means to ride, walked on foot. However, the rich boy, sitting proudly on his horse, could not even offer a ride to the poor boy, who was trailing behind, exhausted. The poor boy, who had grown up enduring the hardships of poverty, managed to keep up with the rich boy and reached the place where they would gather the herbs. The rich boy, who had never broken a blade of grass in his life, struggled to gather herbs, while the poor boy collected far more than him. The rich boy, too lazy to gather the prepared herbs, eyed the poor boy's bag of herbs and considered how to seize it. After they finished gathering, the two boys returned along the same path. The cunning rich boy thought of a way to take the poor boy's herbs, and while walking behind him, he matched his pace and then slowed down. Once they were past the middle of the road, the rich boy snatched the herbs from the poor boy and spurred his horse to flee. After a while, the tired poor boy chased after him, shouting, "Hey, give me back my herbs!" But how could a horse outrun a boy on foot? The rich boy escaped with the herbs. Hearing the poor boy's cries of "Hey, give me back my herbs!" the musician boy depicted the sorrow of this situation and is said to have played this tune.