Өрелі кер (ІІ нұсқа)

Бір байдың өріс тола жылқысын жау айдап кетеді. Жаудың шапқыншылары қалың жылқыны қораға айдап келгенде байдың көзі ең алдымен қамыс құлақ кер атқа түседі. Бай жал-құйрығы сүзілген, басқа жылқылардан зор кер атты ұстатады да, шідерлеп бөлек баққызады. Күндердің күнінде кер аттың аяғындағы шідердің бір тиегі ағытылып ке...

Kazakh
Өрелі кер (ІІ нұсқа)
Бір байдың өріс тола жылқысын жау айдап кетеді. Жаудың шапқыншылары қалың жылқыны қораға айдап келгенде байдың көзі ең алдымен қамыс құлақ кер атқа түседі. Бай жал-құйрығы сүзілген, басқа жылқылардан зор кер атты ұстатады да, шідерлеп бөлек баққызады. Күндердің күнінде кер аттың аяғындағы шідердің бір тиегі ағытылып кетеді де, кер ат өресімен қалады. Өрелі кер ат қалың жылқы үйіріне келеді де, жылқыларды бастап еліне жетеді. Жау қолында кеткен қалың жылқысын неше рет шапқыншы жіберіп ала алмаған бай кер атқа риза болады да, ел ішіндегі күйшілерді жиып кер ат туралы күй шығаруды тапсырады. Күйшілер күй атын «Өрелі кер» деп қояды да, жаңа күй шығарады.
English
The Noble Horse (Version II)
A rich man's herd of horses is driven away by enemies. When the raiders bring the thick herd of horses to the pen, the rich man's eyes first fall on the tall-eared stallion. The rich man, seeing the stallion with its mane and tail flowing, separates it from the other horses and has it tied up and watched separately. One day, one of the ties on the stallion's leg comes loose, and the stallion escapes. The spirited stallion comes to the thick herd of horses and leads them back to its homeland. The rich man, who has been unable to retrieve his lost herd despite sending raiders multiple times, is pleased with the stallion and gathers musicians from the village to compose a tune about the stallion. The musicians name the tune "The Spirited Stallion" and create a new melody.