Еркеатан күйі (І нұсқа)

Баяғыда бір шал мен кемпір болған екен. Олардың Еркетай деген жалғыз қызы бар екен. Еркетайдың ботасынан өзі ақ ірімшік беріп, еркелетіп, үйретіп асыраған тайлағы бар екен. Еркетай оған Еркеатан деп ат қойған екен. Еркетай Еркеатанның шудасына маржан тізіп, айдарына, екі өркешіне үкі тағып, басына сылдырмақты ноқта киг...

Kazakh
Еркеатан күйі (І нұсқа)
Баяғыда бір шал мен кемпір болған екен. Олардың Еркетай деген жалғыз қызы бар екен. Еркетайдың ботасынан өзі ақ ірімшік беріп, еркелетіп, үйретіп асыраған тайлағы бар екен. Еркетай оған Еркеатан деп ат қойған екен. Еркетай Еркеатанның шудасына маржан тізіп, айдарына, екі өркешіне үкі тағып, басына сылдырмақты ноқта кигізіп, жібектен өріп бұйда таққан екен. Қыз оны көзінен таса қылмай бағып жүреді екен. Еркетай Еркеатанымен ойнап, ермек етеді екен. Шал мен кемпір елсізде отырады екен. Бір күні қыз үйінде кесте тігіп, алданып отырып қалыпты. Әлден уақытта Еркетайдың Еркеатаны есіне түсіп, далаға шықса, көз көрімде Еркеатан көрінбейді. Қыз қарап таба алмай, жез өкшелі кебісін қолына алып, алдындағы таудың басына жүгіріп шығады. Сол кезде суға жығылып жатқан Еркеатанын көріп қасына келеді. Бірақ батбаққа батып қалған Еркеатанды қыз тұрғыза алмайды. Қайта жүгіріп тауға шығып, әкесіне: «Еркеатан суға жығылды, арқан әкел, әке-ке!» – деп, қыз айғайлайды. Алыстағы әкесі ести қоймайды. Сөйтіп тұрғанда қыздың көзіне қара атты, торы атты екі жолаушы түседі. Енді қыз соларға: «Қара атты мен торы атты, тоқта, тоқта!» – деп айғайлайды. Міне, қыздың осы айғайлап айтқанын домбырашылар күй етіп тартады. Мұны «Еркеатан күйі» дейді.
English
The melody of Erkeatan (Version I)
Once upon a time, there was an old man and an old woman. They had a single daughter named Erketai. Erketai had a foal that she raised, feeding it fresh cheese and pampering it. She named the foal Erkeatan. Erketai would string pearls into Erkeatan's mane, adorn its two humps with feathers, put a jingling bridle on its head, and weave a silk rein for it. The girl would keep a close eye on it. Erketai played with Erkeatan and entertained herself with it. The old man and woman lived in solitude. One day, the girl was sitting at home, distracted while embroidering. After some time, Erketai remembered Erkeatan and went outside, but to her dismay, Erkeatan was nowhere to be seen. Unable to find it, the girl took her heeled shoes in hand and ran up to the top of the mountain in front of her. At that moment, she saw Erkeatan struggling in the water and rushed to its side. However, she couldn't lift the stuck Erkeatan out of the mud. She ran back up the mountain and shouted to her father, "Erkeatan has fallen into the water, bring a rope, father!" But her father, far away, couldn't hear her. While she was standing there, she noticed two travelers on a black horse and a bay horse. The girl then shouted to them, "Black horse and bay horse, stop, stop!" This shout of the girl was later turned into a melody by the musicians. This is called the "Erkeatan Melody."