Kazakh
Ортеке
Аңшы Құламерген таутекені көп атқан екен. Құламергеннің анасы баласы әрбір саяттан қайтқан сайын бір жапырақ етті кесіп қыл арқанға кигізіп қояды екен. Күндердің күнінде арқан етке толады. Сол күні оған түсінде аян болады. Таутекенің киесі қыз бейнесінде келіп «О, ана, сенің балаң неге бізді сонша есепсіз қырады? Тәңір оның ісіне ырза емес. Адам өзінің керегінен артық алуға қақысы жоқ. Құламергенге сәлем айтыңыз, оның шелегі толды. Енді бір тамшы қан төксе, қарғысқа ұшырайды», – дейді. Шошып оянған анасы баласына: «Қарағым, сен арқан үстіне шықтың, ендігі жердегі саят жақсылыққа апармайды. Садағыңның бауын шешіп, аңшылықты тоқтат енді», – дейді. Алайда таутекенің терісін саудагерлерге сатып, пайдаға құнығып алған Құламерген анасының айтқан сөзіне құлақ аспай, тағы да аңшылыққа шығады. Сол күні күн бұлт болады. Тау ішіне кірген Құламерген бірде-бір текені таба алмайды. Әбден шаршап шөлдеген аңшы бір тастың тасасына от жағып, шай-су ішпек болады. Осы кезде жанынан бұрын көрмеген сүттей аппақ, мүйізі алтын бір теке көлденеңдеп өте береді. Әккі Құламерген садағын жұлып алып, қандыауызға жебені салып жіберіп, шірей тартып жібереді. Жалп етіп құлаған текені дереу бауыздап жіберіп, етін мүшелеп бұзады. Терісін тұздап орап, бір асым етті қазанға салып демалуға отырады. Сол отырған бойы қалғып ұйықтап кетеді. Бір уақытта дүрс еткен әлдебір дыбыстан шошып оянады. Қараса, бағанағы өзі бұтарлап тастаған ақ теке түк болмағандай, оққа ұшпағандай, сойылмағандай қарсы алдында бүп-бүтін тұр екен. Көзінен от шашқан теке қатты қорыққан Құламергенді үш рет айналып басынан бір қарғиды да, жайылып кете береді.
Ертеңіне Құламергеннің аты үйіне бос қайтады. Аңшының анасы атты ары-бері айналып қайран қалады. Ертоқым бүтін, қару-жарағы аман, тек Құламергеннің өзі жоқ. Білгір әйел атты зерлей қарап жүріп оның бауырының күйгендігін байқайды. Байқайды да: «Балам арасанға түскен екен» деп жорамалдайды (арасан – қайнап жатқан ыстық бұлақ). Атқа мінген ана өзі білетін арасандарды аралап жүріп біреуінің ішінен әбден пісіп, сүйегі езіліп кеткен баласының мәйітін табады. Осы хикаяны естіген бір домбырашы: «Бұдан былай аңшылар жөн-жосықты бұзбасын, керегінен артық алмасын», – деп осы өнеге күйді шығарған екен.
English
Oarteke
The hunter Kulamergen had killed many mountain goats. Every time Kulamergen returned from a hunt, his mother would cut a piece of meat and hang it on a rope. One day, the rope became full of meat. That day, he had a vision in his dream. The spirit of the mountain goat appeared to him in the form of a girl and said, “Oh, mother, why does your son kill us so recklessly? The Creator is not pleased with his actions. A person has no right to take more than he needs. Tell Kulamergen that his bucket is full. If he spills even a drop of blood, he will be cursed.” Startled, his mother woke him up and said, “My dear, you have climbed onto the rope; the hunt from now on will not lead to good. Untie your bow and stop hunting now.” However, Kulamergen, who had become greedy from selling the goat's skin to traders, did not heed his mother's words and went hunting again. That day, the sky was cloudy. Kulamergen, having entered the mountains, could not find a single goat. Exhausted and thirsty, the hunter lit a fire behind a rock to have some tea and water. At that moment, a previously unseen pure white goat with golden horns crossed his path. Clever Kulamergen quickly drew his bow, placed an arrow in the blood mouth, and shot it. He immediately slaughtered the fallen goat and began to butcher its meat. He salted the skin, placed a piece of meat in a pot, and sat down to rest. He dozed off while sitting. At one point, he was startled awake by a loud noise. When he looked, the white goat he had just butchered was standing before him, completely unharmed, as if it had not been shot or slaughtered at all. The goat, with fire in its eyes, circled Kulamergen three times, cursed him, and then walked away.
The next day, Kulamergen's horse returned home empty. The hunter's mother was astonished to see the horse wandering back and forth. The saddle was intact, the weapons were safe, but Kulamergen himself was missing. The knowledgeable woman examined the horse closely and noticed that its belly was burned. She realized and predicted, “My son has fallen into a hot spring” (arasan – a boiling hot spring). While riding, the mother searched the known hot springs and found her son’s body, which had been thoroughly cooked and crushed. Upon hearing this story, a bard said, “From now on, hunters should not break the rules and should not take more than they need,” and thus he composed this moral tale.