Жетігеннің жетеуі

Жұрт әртүрлі ауруға, аштыққа жиі-жиі ұшырап отырған өткен заманда қаһарлы қыстың қақаған аязды күндерінің бірінде жұттан мал қырылып, ел қатты күйзеледі. Сол заманда өмір сүрген бір қарияның жеті ұлы болыпты. Көп қайғысының бір шеті қарияның шаңырағына да жетеді. Балалары бірінен соң бірі дүние салады, қайғы басқан қар...

Kazakh
Жетігеннің жетеуі
Жұрт әртүрлі ауруға, аштыққа жиі-жиі ұшырап отырған өткен заманда қаһарлы қыстың қақаған аязды күндерінің бірінде жұттан мал қырылып, ел қатты күйзеледі. Сол заманда өмір сүрген бір қарияның жеті ұлы болыпты. Көп қайғысының бір шеті қарияның шаңырағына да жетеді. Балалары бірінен соң бірі дүние салады, қайғы басқан қария кепкен қу ағашты ойып, аспап жасайды. Әр баласы қайтыс болған сайын аспаптың бетіне жылқы қылынан бір ішек тағып, сазды мұңға толы жоқтау әнін салады. Осы жеті түрлі әуенді шығарып, әр баласының мінез-құлқын, жүріс-тұрысын суреттегендей болады. Үлкен ұлы Қани қайтыс болғанда шал «Қарағым» деген күйін шертеді. Екінші баласы Төреалымға – «Қанат сынар», үшінші баласы Жайкелдіге – «Құмарым», төртінші Бекенге – «От сөнер», бесінші Қауасқа – «Бақыт көшті», алтыншы баласы Жұлзарға – «Күн тұтылды» деген күйлерді арнайды. Қарт ең кіші баласы Қияс қайтыс болғанда ақырғы, жетінші ішегін тағып, ұзақ тартылатын соңғы күйін шертеді. Шалдың балаларына арнап шығарған жеті күйі одан әрі дамытылып, ел арасына «Жетігеннің жетеуі» деген атпен тарап кетеді.
English
The Seven of Zhetigen
In the past, when people frequently suffered from various diseases and hunger, on one of the bitterly cold days of a fierce winter, livestock perished from famine, and the people were in great distress. During that time, there lived an old man who had seven sons. One part of his many sorrows also reached the old man's household. One by one, his children passed away, and the grief-stricken old man carved a musical instrument from a dried, withered tree. Each time a son died, he added a string made of horsehair to the instrument and sang a lament filled with sorrowful melodies. He created seven different tunes, as if depicting the character and behavior of each of his sons. When his eldest son, Qani, passed away, the old man played the tune called "Qaraghym." For his second son, Töräalym, he dedicated the tune "Qanat Synar," for his third son, Jaiqeldi, the tune "Qumarym," for the fourth son, Beken, the tune "Ot Sönër," for the fifth son, Qauas, the tune "Baqyqtı Köshti," and for his sixth son, Julzar, the tune "Kün Tutyldy." When the old man's youngest son, Qiyas, passed away, he added the final, seventh string and played the long, last tune. The seven melodies that the old man composed for his sons were further developed and spread among the people under the name "Jetiğennıñ Jetewi."