Қорқыт (ІІІ нұсқа)

Жаналғыш Қорқыттың жанын алмақшы болып, өкшелей қуып қоймайды. Сонда Қорқыт тағы да бір амалын келтіріп, өзінен аумайтын қырық сурет салады да, қырық бірінші болып қатарына өзі отыра қалады. Сонан зәрін шашып, қаһарын төгіп, Қорқыттың жанын алмаққа Жаналғыш жетіп келеді ғой. Келсе, қаздай тізіліп бір-бірінен айнымайтын...

Kazakh
Қорқыт (ІІІ нұсқа)
Жаналғыш Қорқыттың жанын алмақшы болып, өкшелей қуып қоймайды. Сонда Қорқыт тағы да бір амалын келтіріп, өзінен аумайтын қырық сурет салады да, қырық бірінші болып қатарына өзі отыра қалады. Сонан зәрін шашып, қаһарын төгіп, Қорқыттың жанын алмаққа Жаналғыш жетіп келеді ғой. Келсе, қаздай тізіліп бір-бірінен айнымайтын қырық бір Қорқыт отыр дейді. Жаналғыш әрі қарап, бері қарап қайсысының Қорқыт екенін айыра алмай амалы таусылады. Жаналғыш шын түйіліп келген бір жолғы қаһарынан Қорқыт осылай құтылып еді дейді. Осыдан кейін бұрынғыдан да жабырқап, қара қобызынан мұңды қоңыр күйлерді азыната төгетін болады. Қорқыттың қоңыр күйлерінің тартылу мәнісі осы болса керек.
English
Korkyt (Version III)
The pursuer Janalghysh relentlessly chases after Korkyt to take his soul. Then Korkyt comes up with another trick, drawing forty images of himself, and sits down as the forty-first in the line. As Janalghysh arrives, furious and ready to take Korkyt's soul, he sees forty-one Korkyts lined up, indistinguishable from one another. Janalghysh looks closely, trying to figure out which one is the real Korkyt, but he runs out of options. It is said that Korkyt managed to escape Janalghysh's wrath this way. After this, feeling even more despondent, he begins to play mournful tunes on his black kobyz. The essence of Korkyt's melancholic melodies is likely rooted in this experience.