Елім-ай, халқым-ай!

Қорқыт қолына қобызын алып, Желмаясын желдіртіп, дүниенің төрт бұрышын кезіп жүрген шағында елінің тағдырын қырық жыл бұрын болжап, неше түрлі сәуегейлік ойлар айтады екен. Халқының бақыты мен тыныштығын аңсап, қара қобызын аңырата толғайды дейді. Ел-жұрттың қолынан найзасы, иығынан сауыты түспейтін, аттың жалы, атанны...

Kazakh
Елім-ай, халқым-ай!
Қорқыт қолына қобызын алып, Желмаясын желдіртіп, дүниенің төрт бұрышын кезіп жүрген шағында елінің тағдырын қырық жыл бұрын болжап, неше түрлі сәуегейлік ойлар айтады екен. Халқының бақыты мен тыныштығын аңсап, қара қобызын аңырата толғайды дейді. Ел-жұрттың қолынан найзасы, иығынан сауыты түспейтін, аттың жалы, атанның қомында өмір өткеретін жаугершіл заманын елестетіп мұңға батса керек. Осындайда қасиетті қара қобызын шамырқана толғап: Мұнан соң қилы-қилы заман болар, Заман азып, заң тозып жаман болар. Қарағайдың басына шортан шығып, Балалардың дәурені қараң болар! – дейді екен. Қорқыт атаның сол сарындары ел ішінде «Елім-ай, халқым-ай!» деген күй болып тартылады.
English
Oh my country, oh my people!
Korkyt, taking his kobyz in hand, riding his Jalmyas, wandered through the four corners of the world, predicting the fate of his people forty years ago and expressing various prophetic thoughts. Longing for the happiness and peace of his people, he would mournfully play his black kobyz. It is said that he would be filled with sorrow, imagining the warrior times when the people would not part with their spears and armor, living life in the mane of horses and the humps of camels. In such moments, he would passionately play his sacred black kobyz: After this, there will be various times, The times will decay, the laws will deteriorate, it will be bad. A pike will climb to the top of the pine, The era of children will be dark! – it is said. The melodies of Korkyt Ata are played among the people as the tune "Elim-ai, halkym-ai!"