Ұшардың ұлуы

Бір жесір кемпірдің жұрт аузына іліккен жалғыз баласы болыпты. Ол кездегі жақсының әдеті – жүйрік мініп, ит жүгіртіп, құс салатын. Кемпірдің баласының да бір жүйрік аты, Ұшар деген құмай тазысы бар екен. Әсіресе Ұшары қара жерден із кесетін аңсақ, иесіне адал қағылез, қанжығаның қанын құрғатпайтын жолды ит болса керек....

Kazakh
Ұшардың ұлуы
Бір жесір кемпірдің жұрт аузына іліккен жалғыз баласы болыпты. Ол кездегі жақсының әдеті – жүйрік мініп, ит жүгіртіп, құс салатын. Кемпірдің баласының да бір жүйрік аты, Ұшар деген құмай тазысы бар екен. Әсіресе Ұшары қара жерден із кесетін аңсақ, иесіне адал қағылез, қанжығаның қанын құрғатпайтын жолды ит болса керек. Астындағы аты, соңындағы тазысы келіскен соң, жігіт жиі-жиі аңға шығып, саятшылық құрады екен. Күндердің бір күнінде жалғыз жігіт тосын дертке шалдығып, дүние салады. Ел аза тұтып, арулап қояды. Сонан соң бұрынғы-соңғының дәстүрі бойынша, өлік шыққан жұртты ауыстырып, ауыл қонысын өзгертіп, жаңа жұртқа аунап қонады. Жаңа жұртқа келген соң, жесір кемпір «жалғызымның көзі ғой» деп, тазыны іздесе жоқ дейді. Содан көңілі алаң болып, тынши алмай ескі жұртқа келсе, Ұшар жас қабірдің басында иесін қимай ұлып отыр дейді. Үшкір тұмсығын көкке қаратып ұлып, иесін жоқтап сарнаған Ұшардың дауысын естігенде жесір кемпір: Жалғызымнан айырылдым, Қанатымнан қайрылдым! Ұшар, Ұшар, кә-кә! – деп дауыс қойып, аңырап қоя береді. Ескі жұртта жалғызынан айырылған сорлы ана мен иесінен айрылған жетім тазы қосыла күңіренеді. Осы бір қайғылы халді Қорқыт қобызына күй етіп шалған екен.
English
The call of the soaring bird
Once upon a time, there was a widow who had a son that was well-known among the people. In those days, it was customary for good men to ride swift horses, run with dogs, and hunt birds. The widow's son also had a swift horse and a greyhound named Uşar. Especially when Uşar was tracking on the black earth, he was known to be loyal to his owner, clever, and a dog that would not let the blood of the game dry on the saddle. With his horse and greyhound in harmony, the young man frequently went hunting and practiced falconry. One day, the only young man fell ill unexpectedly and passed away. The people mourned and buried him with honor. Then, according to the customs of the past and present, they moved the deceased's family to a new settlement. After arriving at the new settlement, the widow searched for the greyhound, saying, "He is my only child's eye," but found nothing. Troubled and restless, she returned to the old settlement, where Uşar was said to be howling mournfully at the head of the fresh grave, unable to part with his owner. When the widow heard Uşar's voice, which was raised to the sky as he mourned for his owner, she cried out: "I have lost my only child, I have lost my wing!" "Uşar, Uşar, ka-ka!" – and she began to wail. In the old settlement, the unfortunate mother who had lost her only son and the orphaned greyhound, separated from his owner, lamented together. This sorrowful state was turned into a melody by Qorqyt on his kobyz.