Әуппай (І нұсқа)

Арқадан іздеп келген ақсақ қыздан Қорқыт бір перзент көріпті дейді. Бірақ күндіз-түні ажалды аластап, қобызын сарнатқан Қорқыт баласы мен зайыбына көңіл бөле алмайды. Ал баласы мен зайыбы Сырдың жағасында өмірлерін өткеріп, Қорқыттың тілеуін тілеумен болады. Содан бала есейе бастағанда апасының бағып-қағып, алдандырған...

Kazakh
Әуппай (І нұсқа)
Арқадан іздеп келген ақсақ қыздан Қорқыт бір перзент көріпті дейді. Бірақ күндіз-түні ажалды аластап, қобызын сарнатқан Қорқыт баласы мен зайыбына көңіл бөле алмайды. Ал баласы мен зайыбы Сырдың жағасында өмірлерін өткеріп, Қорқыттың тілеуін тілеумен болады. Содан бала есейе бастағанда апасының бағып-қағып, алдандырғанын місе тұтпай, қобыз тартып отырған әкесіне талпынуды шығарады. Уыздай білегін созып, бұлқына ұмтылып, неше түрлі қылық көрсете бастайды. Бұған Қорқыттың да жүрегі елжіреп, бауыры аяғының басына түскендей күй кешеді. Бірақ, амал жоқ, қобызын тоқтатып, жағалауға шықса, ажал тұзағына ілігетінін біледі. Сонда Қорқыт баласына телміре қарап, көзі көріп тұрса да, еміреніп иіскей алмай, бауырына қысып, мауқын баса алмай мұңаяды. Мұңая отырып, баласын алдандыра жұбататын «Әуппай-әуппай» деген күй тартады. Осы көріністің куәсіндей болып, ұрпақ есінде «Әуппай» күйі сақталған.
English
Auppai (Version I)
It is said that Korkyt saw a child from the lame girl who came searching from the Arka region. However, day and night, Korkyt, who was driving away death and playing his kobyz, could not pay attention to his child and wife. Meanwhile, his child and wife lived by the Syr River, praying for Korkyt's well-being. As the child began to grow up, he was not satisfied with being cared for and deceived by his grandmother, and he started to strive for his father, who was playing the kobyz. Stretching out his tender arm, he began to struggle and show various antics. This made Korkyt's heart melt, and he felt as if his soul had fallen to his feet. However, there was no choice; he knew that if he stopped playing the kobyz and went to the shore, he would fall into the trap of death. Then Korkyt looked at his child, and even though he could see him, he could not embrace him affectionately, holding back his feelings and mourning. While in sorrow, he played a tune called "Auppai-auppai" to comfort his child. This scene has remained in the memory of generations as the "Auppai" tune.