Әуппай (ІІ нұсқа)

Бұл күйдің де өзіндік сыры бар. Қорқыт қасиетті кілемін төсеп, су бетінде отырғанда, Сырдарияның жағасына бала көтерген бір әйел келеді. Өзі арып-ашқан әйелдің емшегінен сүт шықпай, аш бала уанбай жылай береді. Ол дарияның ортасында ағып келе жатқан Қорқыттан көмек күткендей телміре қарап, баласын: «Әуппай, әуппай», –...

Kazakh
Әуппай (ІІ нұсқа)
Бұл күйдің де өзіндік сыры бар. Қорқыт қасиетті кілемін төсеп, су бетінде отырғанда, Сырдарияның жағасына бала көтерген бір әйел келеді. Өзі арып-ашқан әйелдің емшегінен сүт шықпай, аш бала уанбай жылай береді. Ол дарияның ортасында ағып келе жатқан Қорқыттан көмек күткендей телміре қарап, баласын: «Әуппай, әуппай», – деп жұбатып тұрады. Сонда қолынан келер қауқары, жәрдем берер халі жоқ күйші: Айналайын балам-ай, Жас балаңа алаңдай, Аш болсаң да, ойыңда Аман сақтау балаңды-ай, – деп тебіреніп, ананың перзентіне деген ыстық махаббатын күй тілімен сөйлеткен екен.
English
Auppai (Version II)
This melody also has its own secret. When Korkyt spread his sacred carpet and sat on the water's surface, a woman who had just given birth came to the banks of the Syr Darya. The emaciated woman could not produce milk from her breast, and her hungry child cried out without stopping. She looked at Korkyt, who was floating in the middle of the river, as if waiting for help, soothing her child by saying, "Oh dear, oh dear." Then, the musician, who had no strength to help or assist, expressed his emotions: "My dear child, Worry not for your little one, Even if you are hungry, keep in mind To protect your child safe," – and thus he conveyed the mother's deep love for her child through the language of music.