Башпай

Атадан балаға жеткен қария сөздің айтуында «Башпай» Қорқыттың ең соңғы тартқан күйі еді дейді. Қырық жыл өлімнен қашқан Қорқыт ақырында Сырдың суынан сауға тауып, дарияның бетіне Желмаясының жабуын төсеп, соның үстінде күндіз-түні қобызын сарнатып, ажалды аластап отырады ғой. Сол күндерде Қорқыттың Ақтамақ атты қарында...

Kazakh
Башпай
Атадан балаға жеткен қария сөздің айтуында «Башпай» Қорқыттың ең соңғы тартқан күйі еді дейді. Қырық жыл өлімнен қашқан Қорқыт ақырында Сырдың суынан сауға тауып, дарияның бетіне Желмаясының жабуын төсеп, соның үстінде күндіз-түні қобызын сарнатып, ажалды аластап отырады ғой. Сол күндерде Қорқыттың Ақтамақ атты қарындасы дарияны кешіп, тамақ алып келіп тұрады екен. Бірде Қорқыт қарындасының алып келген дәмін татып отырғанда алай-дүлей дауыл соғып, толқын тұрып, бұлардың берекесін алады. Сол бір аласапыран шақта Қорқыттың башпайы қарындасына тиіп кетеді. Байқаусызда болған осы жағдай өле-өлгенше Қорқыттың есінен кетпей, өзін күнәлі сезініп, пұшайман болады екен. Күндердің күнінде, дарияның бетінде жүз жыл бойы ажалды жолатпай өмір сүрген Қорқытқа қапысын тауып ажал шіркін жетіпті дейді. Сол күні әдеттегідей Ақтамақ ағасына дарияны кешіп тамақ алып келеді. Тамақтан соң Қорқыт маужырап, қалғып кетеді. Дамылсыз сарнаған қобыз үні бір сәт толас тауып, қарындасы ағасының оянуын күтіп отырады. Осы кезде қобыз үнінің тынған сәтін пайдаланып, дәм салған қоржынмен бірге ілесіп келген сақиналы зәрлі жылан өрмелеп келіп Қорқытты шағып алады. Қорқытты жүз жыл бойы аңдыған ажал осылайша жылан болып келіп, қапысын тауып еді дейді. Айтқанша болмайды, Қорқыттың бойына ажал уы жайылып, өлімге бой ұсына бастайды Сонда, көз алдында дәрменсіз шырылдаған қарындасымен арыздасып, қоштасып, көптен көкейінде жүрген соңғы тілегін айтады. «Ажал шіркін қапыда тұзаққа түсірді. Бір өкінішім – осы. Екінші өкінішім – баяғыда Сырдың бетін дауыл шалғанда өзіңе башпайым тиіп кетіп еді. Кешілмейтін күнәм сол. Қасиетті Сыр-ананың жағасында маған арналған мола қазулы тұрған болар. Мені жерлегенде екі башпайымды ашық қалдырыңдар. Өміріме серік болған қасиетті қара қобызымды өзіммен бірге көміңдер. Мен өлсем де, менің атымды атап, ұрпағымның есіне салып жатар. Хош жарығым! Жылама, жылама, жылағанмен бола ма?!» – дейді Қорқыт. Қарындасы: «Аға, ағатай, асқар тауым, алтыным!» – деп еңіреп қоя береді. Сол жерде Қорқыт соңғы күшін жиып, қобызын қолына алып, қарындасын жұбатқандай болып, бірер қайырым күй шалған екен. Қорқыттың осынау соңғы күйі «Башпай» деген атпен ұрпақтарының есінде қалыпты. Ал қара қобызы болса Қорқыт өлгеннен кейін моласының ішінен «Қорқыт, Қорқыт!» деп күңіренген дыбыс шығарып жататын болыпты.
English
Toe
In the words of the elders passed down from father to son, it is said that "Bashpai" was the last melody played by Korkyt. For forty years, Korkyt fled from death, and finally found refuge in the waters of the Syr River, laying the covering of his Jalmaiya on the surface of the river, and day and night, he played his kobyz, warding off death. During those days, Korkyt's sister, Aktamak, would cross the river to bring him food. One day, while Korkyt was tasting the food brought by his sister, a fierce storm arose, waves surged, and their peace was disrupted. In that tumultuous moment, Korkyt's toe accidentally touched his sister. This unintentional incident would haunt Korkyt for the rest of his life, making him feel sinful and regretful. One day, it is said that death, which had been watching Korkyt for a hundred years on the surface of the river, finally found an opportunity to reach him. That day, as usual, Aktamak crossed the river to bring food to her brother. After eating, Korkyt dozed off. The incessantly played kobyz fell silent for a moment, and his sister waited for him to wake up. At that moment, taking advantage of the silence of the kobyz, a venomous snake with a ring slithered in and bit Korkyt. It is said that death, which had been stalking Korkyt for a hundred years, came in the form of a snake and seized the opportunity. Before long, the poison of death spread through Korkyt's body, and he began to succumb to death. Then, he lamented and bid farewell to his helpless sister before expressing his last wish that had long been on his mind. "Death has caught me in a trap. This is my only regret. My second regret is that long ago, when a storm swept over the Syr, my toe accidentally touched you. That is my unforgivable sin. There must be a grave prepared for me by the sacred Syr Mother. When you bury me, leave my two toes uncovered. Bury my sacred black kobyz with me. Even after I die, let my name be remembered by my descendants. Farewell, my light! Do not cry, do not cry, what good will crying do?!" Korkyt said. His sister replied, "Brother, my dear brother, my towering mountain, my treasure!" and she began to weep. In that moment, Korkyt gathered his last strength, took his kobyz in hand, and played a few farewell melodies as if to comfort his sister. This last melody of Korkyt has remained in the memory of his descendants under the name "Bashpai." As for the black kobyz, after Korkyt's death, it was said to emit a mournful sound from within his grave, calling out "Korkyt, Korkyt!"