Байлаулы киіктің зары

Қорқыт жер бетіндегі жан-жануарлардың барлығының тілін біледі екен. Бір күні Желмаясымен келе жатса, бір киіктің маңыраған даусы құлағына шалынады. Ол: «Қос лағым жетім қалады-ау, шөпке ауызданбаған сорлылардың күні не болмақ? Тым болмаса, соңғы рет емізіп, иіскеп, мауқымды басып та қала алмадым», – деп зарлайды. Қорқы...

Kazakh
Байлаулы киіктің зары
Қорқыт жер бетіндегі жан-жануарлардың барлығының тілін біледі екен. Бір күні Желмаясымен келе жатса, бір киіктің маңыраған даусы құлағына шалынады. Ол: «Қос лағым жетім қалады-ау, шөпке ауызданбаған сорлылардың күні не болмақ? Тым болмаса, соңғы рет емізіп, иіскеп, мауқымды басып та қала алмадым», – деп зарлайды. Қорқыт жан-жағына бағдарлап қараса, бел астында тігулі тұрған қараша үйді көреді. Киік сол үйдің алдында көгендеулі тұр екен. Киікке жаны ашыған Қорқыт үй иесіне: «Мына жазықсыз жануарды жібер, өз бетімен тамақ тауып жеуге ауызданбаған егіз лағы бар екен, обалына қалма», – дейді. Қорқыттың бұл сөзіне құлақ аспайды. – Онда мен киікті босатқаның үшін ақысын төлейін, – десе, үй иесі: – Жоқ, мен мұның сүтін сауып ішіп отырмын, кешке сойып жеймін, – деп оған да көнбейді. Басқа амалы қалмаған Қорқыт: – Болмаса киіктің орнына мені кепілдікке ал, оны босат. Лақтарын тауып алып, емізгеннен кейін қайтып келеді. Егер сол кеткеннен оралмаса, менің Желмаямды сойып же, – дейді. Үй иесі киікті босатып жібереді. Киік байлаудан босана салысымен, тау-тасты кезіп жүріп лақтарын тауып алады. Оларды емізгеннен кейін, қас қарая қайтып келеді. Осы оқиғадан кейін Қорқыттың «Байлаулы киіктің зары» күйі дүниеге келген екен. Бұл шығармасында күйші қаталдық пен мейірімділік, жауыздық пен қайырымдылық жайында толғанады.
English
The Lament of the Tethered Antelope
Korkyt knew the language of all living beings on earth. One day, while riding with his Wind Horse, he heard the bleating voice of a gazelle. It lamented, "My two fawns will be orphaned, what will become of the poor creatures that have not grazed? At least I couldn't nurse them one last time, smell them, or quench my thirst," it cried. Korkyt looked around and saw a black yurt pitched below him. The gazelle was tied up in front of that yurt. Feeling pity for the gazelle, Korkyt said to the owner of the yurt, "Let this innocent creature go; it has twin fawns that have not grazed on their own, do not let it suffer." The owner did not heed Korkyt's words. - "Then I will pay you for releasing the gazelle," Korkyt said, but the owner replied, - "No, I am drinking its milk, and I will slaughter it in the evening," refusing to agree. With no other option left, Korkyt said, - "If not, take me as a guarantee in place of the gazelle, let it go. After finding its fawns and nursing them, it will return. If it does not return, then slaughter my Wind Horse." The owner released the gazelle. As soon as the gazelle was freed, it roamed the mountains and found its fawns. After nursing them, it returned at dusk. After this event, Korkyt's composition "The Lament of the Tied Gazelle" was born. In this work, the musician reflects on cruelty and compassion, wickedness and kindness.