Жетім торы

«Жауға барсаң, бәрің бар, дауға барсаң, бірің бар» дегендей, рулы елден шығатын батыр әдетте жалғыз-жарым болмаған. Алдағыға еліктеп, арттағыға үлгі-өнеге болатын үрдіс, әсіресе жоңғар шапқыншылығы кезінде игі дәстүрге айналған. Сол дәстүрдің бір айғағындай болып, Қанжығалыдан қарт Бөгембай шыққанда, оның өкшесін басқа...

Kazakh
Жетім торы
«Жауға барсаң, бәрің бар, дауға барсаң, бірің бар» дегендей, рулы елден шығатын батыр әдетте жалғыз-жарым болмаған. Алдағыға еліктеп, арттағыға үлгі-өнеге болатын үрдіс, әсіресе жоңғар шапқыншылығы кезінде игі дәстүрге айналған. Сол дәстүрдің бір айғағындай болып, Қанжығалыдан қарт Бөгембай шыққанда, оның өкшесін басқан батырлар да аз болмаса керек. Қанжығалы руының Жантай, Үйсінбай, Арқандар атты ағайынды үш батырының жойдасыз ерлігі кезінде иісі қазақтың қайратын жаныған. «Жолбарысты ердің ері алады, болмаса ағайынды екеу алады» деген рас сөз. Қанжығалының үш батыры тізе қосып ұрыс салғанда, қамалдай болып қарсы келген жауды қоғадай жапырушы еді дейді. Әсіресе өңінің сұстылығына орай «Қарабұжыр» деген қосақ аты бар Жантай батырдың ерен ерлігі аңыз болып тараған. Жантайдың жойқын батырлығына Абылай хан ерекше сүйсініп: «Елдің шетіне, желдің өтіне, жаудың бетіне тұтқан қорғаным, қайраулы қара қылышым!» – деп отырады екен. Шынында да, Қанжығалы Қарабұжыр Жантай әлекедей жаланған бес жүз қолды бастап, үнемі алғы шепте, тоспада жүретін болыпты. Жаугершілік заманда жаудың алдын торып жүру оңай емес. Айламен алып, қайратпен жеңетін қатал міндет. Бірақ Жантай жаудан жалтаруды білмесе керек. Қандай қиын-қыстау кезде де қалмақтың қарасынан көз жазбай, қопарыла қозғалар болса, алдымен Жантайдың қолы тоспаға шығып отырған. Жантай сияқты даңқты ағасын Үйсінбай мен Арқандар арқа тұтады. Арқа тұтқан соң да қалмақтың қосынын қорықпай торуылдап, шеттеп қонған күреңінен олжа түсіріп қайтып жүреді екен. Сол әдетпен бір күні Үйсінбай батыр үш-төрт түйе олжамен оралыпты. Ауылға жете бергенде қарсы ұшырасқан інісі Арқандар еркелеп «Сауға» десе керек. Сонда інісін қайрағысы келген Үйсінбай: «Сауғам жоқ, қалмақта не көп – түйе көп, денің сау, қол-аяғың бүтін, өзің барып ал!» – деп жүре беріпті. Ағасының әзіл сөзін көңіліне алып, намысқа булыққан Арқандар жанына серігін ертіп, жауға аттанады. Сол бетінде, қалмақ күреңінің қарасы көрінгенде тізгінді бір-ақ тартады ғой. Баспалап қараса, желдеп жайылып шыққан бір келе түйені көреді. Күреңнен қара үзіп, ұзады-ау деген кезде түйе келесін сырғыта қақпалап айдап жөнеледі. Жаугершіл кездің көзі қырағы емес пе, қалмақтар түйесіне жаудың тигенін сезіп қалып, қуғыншы шығарады. Өкшелеп келіп қалған қуғыншыны көрген Арқандар серіктерін оздырып жіберіп, өзі тоспада қалады. Алғашқыда, жалғыз-жарым қуғыншы болса бетін бір қайырып тастайын деп қарсы алған Арқандар жау қарасының көп екенін көреді. Арқандардың тәуекелге бел буып, қуғыншыны жалғыз қарсы алудан басқа айласы қалмайды. Сарт-сұрт ұрыс басталып кетеді. Бұл екі арада, қуғыншының күшінің басымдылығын байқап қалған Арқандардың жеті серігі түйелерді тастай салып, көмекке ұмтылады. Бірақ бұлар жеткенше, саны көп қалмақ Арқандарды қаумалап қоршап, найзамен шабақтап кетеді... Жақсы көретін інісінің ойламаған жерден мерт болуы Жантай мен Үйсінбайды қатты күйзелтеді. Морт мінезді Жантай: «Не өлемін, не жаудың қанын ішіп, Арқандардың кегін қайтарамын!» – деп бес жүз қолымен атқа қонады. Бұл жорыққа Жантайдың ер жетіп қалған баласы Тоқыш пен інісі Үйсінбай да қосылады. Жантай батырдың інісінің өлімі аяқсыз қалмайтынын білген қалмақтар да дүрлігіп, оң мың қолмен қарсы алады. Осы жолы, ашу үстінде шолғыншы серіктерінің бірі: «Жақа, жаудың қарасы көптеу екен, арттан келер күшті күтсек қайтеді», – десе керек. Сонда Жантай түнерген қалпы: «Жаумен санап соғыспас болар!» – деп қынаптан қылышын суырған екен. Қалмақтың мұздай құрсанған он мың қолына Жантайдың бес жүз сарбазы жанынан түңіліп қарсы шабады. Бұл соғыс қазақ пен қалмақтың бірдей жанын түршіктірген, қан қақсап қырғын болған. Соғыстың дәмін татып жүрген Жантай батырдың сарбаздары ұрыс басталғаннан-ақ бас-басына жиырма қалмақтан келетінін бірден болжайды. Мұндайда, түйілген жұдырықтай болып, араға жауды кіргізбей соғысу қажет. Мұны жақсы білетін сарбаздар қоралана тұрып, құжынаған қалмақтың баса-көктеуіне мүмкіндік бермей, кезекке қойып соғысқандай діңкелетеді. Жан алып, жан берген соғыстың қанқызу бір сәтінде Үйсінбайдың қарнын қылыш сойып өтеді. Сонда тілінген қарнын шалғайымен басып, бір қолымен ұрыс салып жүрген Үйсінбай ағасына: «Жантай батыр, қарын жарылса, тірі қалуға бола ма?» – деп сұраған екен. Ұзақты күнге созылған шайқас Жантай батыр сегіз серігімен қалады. Оның біреуі Жантайдың баласы Тоқыш болса керек. Соғыстың аяқталуына көзі жеткен Жантай батыр астындағы торы тұлпарына баласы Тоқышты мінгізіп: «Тоқыш балам, мыналар болмады ғой, енді кегімді алар ешкім қалмас, бұзып шық та, елге жет!» – депті. Содан, қолынан қылышы түскенше қалың жаумен жалғыз арпалысқан Жантай жойдасыз ерлік көрсетсе керек. Осы соғыста әбден селдірей сиреген қалмақ жауынгерлері еліне жеткенде «Қазақтардан жеңіліп қалдық!» деп келіп еді дейді. Қарабұжыр Жантай батырдың қалай мерт болғанын естігенде Абылай хан: «Тасқа шапса, кетілмейтін қайраулы қара қылышым-ай!» деп күйіне қайғырған екен. Содан, Абылай ханның өзі бас болып, Жантай батырды арулап қояды. Батырдың әруағы риза болу үшін торы тұлпарын тұлдап, жал-құйрығын күзеп, жылында соятын етіп бос қоя береді. Қайғыны қайратқа жеңдіретін жаугершілік заман емес пе, аласапыран күндер бірінен соң бірі өтіп жатады. Талай рет дабыл қағылып, талай рет шаңды жорыққа шығып, талай ерлер шәйіт болып, талай рет жеңіс туы желбірейді. Күндердің бір күнінде Абылай хан ордасына қосын жиып, шеру тартып, кезекті бір жорыққа аттанбақшы болады. Жорық алдында әйгілі батырлар хан ордасына жиналып, пәтуаласқан сөздер айтылады. Ереуіл аттары кермені сүзе тартып, ерлерді қан майданға асықтырғандай тықыршиды. Осындай шақта орда сыртынан ат дүбірі шығып, іле күмбірлей кісінеген дауыс естіледі. Хан ордасына атпен келу рәсімде жоқ. Абылай хан бастаған батырлар мен билер елең етісіп, сөздерін тыяды. Сол екі арада, әлденеге елегізгендей үнмен тағы да кісінеген дауыс естіледі. Төлеңгіттердің бірі ордаға кіріп: «Хан ием, Жантай батырдың тұлданған аты ғой, жорық дүбірін сезіп, иесін іздеп жүрген сияқты», – деп тіл қатады. Осы кезде Жантай батырдың торы тұлпары құйрығы сабаудай болып, орданың алдынан ойқастай өтеді де, батырлардың аты байланған үйреншікті кермеге барып тоқтайды. Сонсоң ішін тартып тағы бір қоңыраудай күмбірлеп кісінейді. Күтпеген көрініс ордадағылардың есіне Жантай батырды түсіріп, мұңайтып тастайды. Сонда Абылай хан да көзі боталай мұңайып: «Қайран Жетім торы, иесін сағынған екен ғой... Бізге де керек ер еді-ау!» – деген екен. Абылай ханның «Жетім торы» атты күйінің дүниеге келуіне осы бір оқиға себепші болып еді дейді.
English
Orphaned bay
"As you go to war, you all go together; as you go to a dispute, you go alone," as the saying goes, a hero from a tribe usually did not go alone. The tradition of emulating those ahead and setting an example for those behind became especially significant during the Dzungar invasions. When the old Bogemba from the Kanjigaly tribe emerged, it is said that there were not few heroes who followed in his footsteps. The extraordinary bravery of the three brothers of the Kanjigaly tribe—Zhantai, Uysynbai, and Arqandar—ignited the spirit of the entire Kazakh people. "A tiger is taken by a brave man, or two brothers together," is a true saying. When the three heroes of Kanjigaly joined forces in battle, they would reportedly crush the enemy that came against them like a wall. Especially, the legendary bravery of Zhantai, who was known for his fierce appearance and had the nickname "Karabuzhyr," became a legend. Khan Abilai particularly admired Zhantai's formidable heroism, often saying, "My fortress at the edge of the land, my sharpened black sword against the enemy!" Indeed, Kanjigaly Karabuzhyr Zhantai led five hundred men, always at the front lines, ready for ambush. In the times of warfare, it was not easy to lie in wait for the enemy. It was a harsh duty to win through cunning and strength. However, Zhantai seemed not to know how to evade the enemy. In any difficult situation, when the Kalmyks moved, Zhantai's hand would always be the first to rise in defense. Uysynbai and Arqandar relied on their esteemed brother Zhantai. Once they relied on him, they would boldly scout the Kalmyk camps and return with spoils from the reddish ones. One day, Uysynbai returned with three or four camels as spoils. As he approached the village, he encountered his younger brother Arqandar, who playfully called out, "Sauga!" Then, wanting to tease his younger brother, Uysynbai replied, "I have no sauga; there are plenty of camels among the Kalmyks, you are healthy, your arms and legs are intact, go get them yourself!" Taking his brother's joking words to heart and feeling a surge of pride, Arqandar set off to battle with a companion. As they went, when the Kalmyk reddish color appeared in sight, he pulled the reins sharply. Peering closely, he saw a single camel that had strayed from the herd. Just as he thought he could outpace the reddish one, the camel suddenly turned and ran away. In the vigilant times of war, the Kalmyks sensed that their camel had been attacked and sent out pursuers. Seeing the pursuers closing in, Arqandar sent his companions ahead and stayed behind at the ambush. Initially, thinking it was just a lone pursuer, Arqandar was ready to confront him, but then he saw that there were many enemies. With no other option, Arqandar resolved to face the pursuer alone. A fierce battle broke out. Meanwhile, noticing the superiority of the pursuer's numbers, Arqandar's seven companions abandoned the camels and rushed to help. But by the time they arrived, the numerous Kalmyks had surrounded Arqandar and attacked him with spears... The unexpected death of his beloved younger brother deeply distressed Zhantai and Uysynbai. The hot-tempered Zhantai declared, "I will either die or drink the enemy's blood and avenge Arqandar!" and mounted his horse with five hundred men. Zhantai's grown son Tokysh and his brother Uysynbai also joined this campaign. Knowing that the death of Zhantai's brother would not go unpunished, the Kalmyks became agitated and prepared to confront them with ten thousand troops. In a fit of rage, one of the scouts suggested, "Jaka, there seem to be many enemies; what if we wait for reinforcements?" Zhantai, still grim, replied, "We cannot count the enemy!" and drew his sword from its sheath. Zhantai's five hundred soldiers charged against the Kalmyks' ten thousand, undeterred. This battle was one that sent shivers down the spine of both Kazakhs and Kalmyks, resulting in a bloody massacre. Zhantai's soldiers, who had tasted battle, immediately predicted that twenty Kalmyks would come for each of them as soon as the fight began. In such a situation, it was necessary to fight like a clenched fist, not allowing the enemy to break through. The soldiers, well aware of this, huddled together and fought back fiercely, not allowing the Kalmyks to overwhelm them. In the heat of the battle, Uysynbai was struck in the abdomen by a sword. As he pressed down on his wound with one hand while fighting, he asked his brother Zhantai, "Zhantai, if my belly is cut open, can I survive?" After a long day of fighting, Zhantai was left with eight companions, one of whom was his son Tokysh. Realizing the battle was nearing its end, Zhantai mounted his black stallion and told his son Tokysh, "These ones are not meant to be; no one will remain to take my revenge, break through and reach the people!" With that, Zhantai fought fiercely against the thick enemy until his sword fell from his hand. In this battle, the Kalmyk warriors, now greatly diminished, returned to their homeland, saying, "We were defeated by the Kazakhs!" When Khan Abilai heard of how Karabuzhyr Zhantai had perished, he lamented, "My sharpened black sword, which cannot be lost even against stone!" Then, Khan Abilai himself led the efforts to honor Zhantai. To please the spirit of the hero, he groomed his black stallion, taking care of its mane and tail, and released it to roam freely, intending to sacrifice it in the year. Isn't it the time of warfare that overcomes grief with courage? The tumultuous days passed one after another. Many times the alarm was sounded, many times they set out on dusty campaigns, many heroes fell as martyrs, and many times the flag of victory waved. One day, Khan Abilai gathered troops at his court, preparing for another campaign. Before the campaign, famous heroes gathered at the Khan's court, discussing various matters. The horses, eager to charge into battle, seemed to urge the men forward. At that moment, the sound of hooves was heard from outside the court, followed by the sound of a horse neighing. There is no custom of arriving at the Khan's court on horseback. The heroes and nobles led by Khan Abilai paused, their words caught in their throats. In the meantime, they heard the neighing again, as if something was troubling it. One of the attendants entered the court and said, "My Khan, it is Zhantai's steed, it seems to sense the call of battle and is searching for its master." At that moment, Zhantai's black stallion, with its tail like a whip, pranced in front of the court, then went to the familiar tether where the heroes' horses were tied. After that, it let out another neigh, echoing like a bell. This unexpected sight brought Zhantai to the minds of those in the court, filling them with sorrow. Then Khan Abilai, with tears in his eyes, lamented, "Oh, my dear orphaned horse, it misses its master... We could have used such a hero!" It is said that this event inspired the creation of Khan Abilai's famous composition titled "Orphaned Horse."