Былқылдақ

Есіл бойында күйшілік, әншілік өнерімен елге танылған, кедей де болса өз ортасында асау көктің тұқымындай сый-сыяпат, қошаметке бөленіп жүрген бір қыз бар деп естіген Тәттімбет, өнер десе өмешегі үзіліп, алтын қарағандай ентелеген күйші, сол қызды көруге аттанады. Айтса айтқандай, өнері мен бағы өрлеп тұрған қыздың күй...

Kazakh
Былқылдақ
Есіл бойында күйшілік, әншілік өнерімен елге танылған, кедей де болса өз ортасында асау көктің тұқымындай сый-сыяпат, қошаметке бөленіп жүрген бір қыз бар деп естіген Тәттімбет, өнер десе өмешегі үзіліп, алтын қарағандай ентелеген күйші, сол қызды көруге аттанады. Айтса айтқандай, өнері мен бағы өрлеп тұрған қыздың күйшілік құдіретіне Тәттімбет айырықша сүйінеді әрі оған құмарлығы артып, оның әр қылығын күндіз-түні бақылайды. Оның кедей қызы болған соң үйіне көмектесіп, бастаудан су таситын жәйтін байқайды. Бардам бай балаларына кеудесін алдырғысы келмейтін кедей қызы әсем киініп, кербез басып, тәкәппар, паң мінезбен су көтерсе де, әсем қылықпен басатынын көрген Тәттімбет қыз жүрісінен «Былқылдақ» деген күй шығарған екен.
English
Bilkildak
Tattimbet, who heard that there was a girl known for her mastery of music and singing along the Esil River, decided to set off to see her, as he was someone who would eagerly pursue art as if it were a precious treasure. As it turned out, Tattimbet was particularly enchanted by the girl's musical talent, which was flourishing, and his passion for her grew as he observed her every move day and night. Noticing that she was a poor girl who helped her family by fetching water from the spring, he saw her carrying water with grace, dressed beautifully, and walking with a proud and dignified demeanor, despite her humble background. Tattimbet was inspired by her walk and composed a piece called "Bilkildak" based on it.