Қайран шешем

Құрманғазы Орал түрмесінде жатып қалады. Бұл түрменің Орда түрмесіндей емес, мықты екенін көріп, Құрманғазы біраз налиды. Бірнеше күн ешкіммен кеңеспей, өзімен-өзі болып, қалың уайым теңізіне батады. Бір күні қысқа серуен кезінде Лавочкин деген орыс тұтқынымен танысады. Ол «ақ патшаға тілі тигені үшін» қамалған орыс жұ...

Kazakh
Қайран шешем
Құрманғазы Орал түрмесінде жатып қалады. Бұл түрменің Орда түрмесіндей емес, мықты екенін көріп, Құрманғазы біраз налиды. Бірнеше күн ешкіммен кеңеспей, өзімен-өзі болып, қалың уайым теңізіне батады. Бір күні қысқа серуен кезінде Лавочкин деген орыс тұтқынымен танысады. Ол «ақ патшаға тілі тигені үшін» қамалған орыс жұмыскері болып шығады. Өзі қазақ арасында көп болып, қазақшаны судай білетін болады. Ол Құрманғазыны жұбатып, көптеген ақыл айтып, өзінің өмірінен біраз шежіре айтады. Екеуі енді айырылмас дос болып, сырласып, ақылдасып отыратын болады. Құрманғазы Лавочкинге өзінің осы жолға шығардағы басынан кешкен бір әңгімесін баяндап береді: «Ақбаевтің атарман-шабармандары ұстап алып, көк арбаға тіркеп, енді жүргізейін деп тұрғанда шешем Алқа келе жатқанын көрдім. Әлпештеп өсірген анама әлі күнге бір қызмет ете алмай, оны үнемі қауіп-қатерде, жоқшылықта ұстап келгенмін. Енді, міне, көп жылдан соң келгенде тағы да оны пұшайман етіп кетіп бара жатқаным ойыма түсіп, шыдай алмай көзімнен бір тамшы жас шығып кетті. Сонда, қайран шешем менің қасыма келіп: «Мен ұл таптым деп жүрсем, жаман, жасық неме екен ғой, туғаным. Кімнің алдында көзіңнің жасын шығарып тұрсың?!» деп жағымнан шапалақпен тартып-тартып жіберді. Сонда ғана мен антектік жасағанымды сездім. Анама күле қарап қош айтыстым», – дейді. Құрманғазының бұл әңгімесі Лавочкинге үлкен әсер етеді. Ол өзінің шешесінің талай мейірбанды істерін есіне алып, біраз әңгіме етеді. Құрманғазы болса шешесінің жас кезінде қандай сотқарлығы болса да кешіріп, қандай тентектігі болса да Сағырбайдан арашалап, қалай да Құрманғазыны қақпайламай, бірбеткей етіп өсіруге тырысқанын, ондай тәрбиенің Құрманғазы өмірінде үлкен рөл ойнағанын күйші қайта-қайта есіне түсіріп, небір еркеліктерін көз алдына елестетіп, көрер таңды көзімен атырады. Қатар жатқан Лавочкин де өзімен-өзі сырласып, ол да аунақшып ұйықтай алмай шығады. Ертеңінде Құрманғазы ойланып-толғанып, қолына домбырасын алып, қолы хат білмесе де, ардақты анасының айта қалғандай «жазасын» қағаз бетіне түсіретін мүмкіншілігі болмаса да, домбыраның қос ішегінде бір ескерткіш қалдырайын деп күй шертті. Оны Лавочкинге тартып бергенде екеуінің ерлігі де бір сәт кейінгі пыланға шыға тұрып, кішкене көз жастарын төгіп алды. Бірақ өмірдің небір өткел бермес асуларын, асқар белдерінен өткен қайратты жігіттер тез өздерін-өздері жинап алып, күйді қайта-қайта орындап, тыңдап, оның ішінде тек сағыныш ноталары ғана емес, күш-қуат барын, тіпті сартылдап қашып бара жатқан аттың тұяғының сарыны барын естігенде, бірін-бірі тілсіз түсініп, ол сарынның арман даусы екенін біліп қойды. Ақылдасып келіп күйдің аты «Қайран шешем» болды.
English
Oh, my dear mother
Kurmangazy ends up in the Oral prison. Seeing that this prison is stronger than the Orda prison, Kurmangazy feels quite distressed. For several days, he remains alone, without consulting anyone, drowning in a sea of deep worries. One day, during a short walk, he meets a Russian prisoner named Lavochkin. It turns out that he is a Russian worker imprisoned for "offending the white tsar." Having spent a lot of time among the Kazakhs, he speaks Kazakh fluently. He comforts Kurmangazy, gives him a lot of advice, and shares some stories from his life. The two become inseparable friends, confiding in and consulting each other. Kurmangazy recounts to Lavochkin a story he experienced before his journey: "Akbaev's henchmen captured me, tied me to a blue cart, and just as they were about to drive off, I saw my mother, Alka, approaching. I had never been able to serve my beloved mother, whom I had raised with such care, and had always kept her in danger and poverty. Now, after many years, the thought that I was leaving her in despair again made me unable to hold back a tear. At that moment, my dear mother came up to me and said, 'I thought I had given birth to a son, but it turns out he is a worthless, cowardly creature. In front of whom are you shedding tears?!' and slapped me on the cheek. Only then did I realize my disgrace. I bid farewell to my mother with a smile," he says. Kurmangazy's story has a profound effect on Lavochkin. He recalls many kind deeds of his own mother and shares some stories. Kurmangazy, on the other hand, remembers how, despite any mischief his mother may have had in her youth, she always tried to protect him from Sagyrbay and raise him to be strong-willed, without spoiling him. He reflects on how such upbringing played a significant role in his life, envisioning all her whims and recalling them vividly. Lavochkin, lying next to him, also becomes introspective and finds it hard to sleep. The next day, Kurmangazy, deep in thought, picks up his dombra. Even though he cannot write, he decides to leave a memorial on the two strings of his dombra, as if his beloved mother were to say "write." When he plays it for Lavochkin, both of them momentarily shed a few tears, their spirits rising. However, brave young men quickly gather themselves after overcoming the insurmountable challenges of life, repeatedly playing and listening to the melody, realizing that it contains not only notes of longing but also strength and even the sound of a horse's hooves galloping away. Understanding each other without words, they recognize that this melody is the voice of their dreams. After discussing it, they name the piece "My Dear Mother."