Лауішкен

Құрманғазы мен Лавочкин сол түні түрмеден қашып кетеді. Айналаны шарлап тастаған. Күйші небір жыра-жықпылды тауып, сәтте-ақ қараларын көрсетпей алыстап кетеді. Оның үстіне жәрдемдескен күзетші де құғыншылардың маңдайын басқа жаққа бұрып жіберіп, бұларға біраз уақыт ұтқызады. Иен далаға шыққан соң, бұлар еркінірек жүред...

Kazakh
Лауішкен
Құрманғазы мен Лавочкин сол түні түрмеден қашып кетеді. Айналаны шарлап тастаған. Күйші небір жыра-жықпылды тауып, сәтте-ақ қараларын көрсетпей алыстап кетеді. Оның үстіне жәрдемдескен күзетші де құғыншылардың маңдайын басқа жаққа бұрып жіберіп, бұларға біраз уақыт ұтқызады. Иен далаға шыққан соң, бұлар еркінірек жүреді. Бір күн, бір түн жүріп, таң ата Лавочкиннің бір таныс балықшысының үйіне келіп дем алып, тамақтанады. Бірнеше күн тыныққан соң, Құрманғазы түрме досына өзінің еліне қайту керектігін, онда қалған ата-ананың хал-жайын білу керектігін айтады. Лавочкин қимас досымен айырылудың керек екенін білсе де, біраз уақыт тағы отырып әңгімелеседі. Құрманғазы қолына домбырасын алып, тағы бір күй шертеді. Ол күйдің бұрынғы өзі естіп жүрген күйлерге ұқсамайтынын, күйшінің тағы бір шығармашылық жаңалығы екенін Лавочкин сезеді де, ешнәрсе демей тыңдап, үлкен ойға батып отыра береді. Күйді аяқтаған соң, Құрманғазы Лавочкинге қарап: «Ананың бәрі де – ана, қай тілде сөйлесе де, олардың балаға деген мейірбандықтарының тілі әркімге де түсінікті, мына менің жалпыға тілі түсінікті күйімді сол орыс анаға – Лауішкенге арнаймын», – дейді. Құрманғазының «в», «ч» дыбыстарына тілі келе бермейтін. Сондықтан күйшінің өзі айтқандай, халық арасында бұл күй «Лауішкен» атанып тарап кетті. Досының мұндай сый тартқанына Лавочкин қатты риза болып, өзі домбыра тарта алмайтынына қынжылып, бірақ: «Сенің қолыңнан бұл күй халыққа жайылады ғой, шешеме көргенде айтармын» деп уәде беріп, құшақтасып қоштасып, екеуі екі жаққа жүріп кетеді.
English
Lauishken
Kurmangazy and Lavochkin escape from prison that night. They have scoured the surroundings. The musician finds various nooks and crannies and quickly disappears without a trace. Moreover, the guard who assisted them diverts the pursuers' attention elsewhere, giving them some time to escape. Once they reach the desolate steppe, they feel freer to move. After walking for a day and a night, they arrive at the home of a fisherman known to Lavochkin, where they rest and eat. After several days of resting, Kurmangazy tells his prison friend that he needs to return to his homeland to check on the well-being of his parents who are left behind. Although Lavochkin knows he must part with his dear friend, he stays a little longer to talk. Kurmangazy picks up his dombra and plays another tune. Lavochkin senses that this tune is unlike any he has heard before, a new creative work from the musician, and he listens in silence, lost in deep thought. After finishing the tune, Kurmangazy looks at Lavochkin and says, "All mothers are the same, no matter what language they speak; the language of their kindness towards their children is understood by everyone. I dedicate this universally understandable tune of mine to that Russian mother – Lavushken." Kurmangazy's tongue could not easily pronounce the sounds "v" and "ch." Therefore, as the musician himself said, this tune became known among the people as "Lavushken." Lavochkin is very pleased with such a gift from his friend, feels regretful that he cannot play the dombra himself, but promises, "This tune will spread among the people through your hands; I will tell my mother about it when I see her," and after embracing, they part ways and head off in different directions.