Төремұрат – Нарынбай

Төремұрат айналаға қарауыл қойып, көптеген мал сойдырып «Қызданайды екінші рет алғанымның тойы» деп, үлкен той жасайды. Тойдың көптеген бәйгелерін тағы Құрманғазы алады. Кешке ойын басталғанда баяғы киік атыста, алтынқабақта жеңіліп жүрген батырлардың жігіттері қорлығы өткен Құрманғазыдан өш алмақ болып, Шөкен деген қы...

Kazakh
Төремұрат – Нарынбай
Төремұрат айналаға қарауыл қойып, көптеген мал сойдырып «Қызданайды екінші рет алғанымның тойы» деп, үлкен той жасайды. Тойдың көптеген бәйгелерін тағы Құрманғазы алады. Кешке ойын басталғанда баяғы киік атыста, алтынқабақта жеңіліп жүрген батырлардың жігіттері қорлығы өткен Құрманғазыдан өш алмақ болып, Шөкен деген қызды азғырып, оған бір-екі ауыз өлең үйретіп, Құрманғазыға қарсы айттырады. Ойында ешнәрсе жоқ күйшіге қылымсып Шөкен қыз келіп: «Жиен аға, айтысайық!» – дейді. Құрманғазы қарсы алмауға арланып, «болсын» деуі-ақ мұң екен, кезек те сұрамай, Шөкен бастап кетеді: Байлардан қазық қалады қонған жерде, Түлкінің еті қалады сойған жерде. Ішкен ас, сый-құрметті олжа көріп, Жүресің төбет иттей тойған жерде. Сен жүрген бір «боз қаңғыр» біздің елде, Шет жерде әлін білмей әлек болған, Сөзім шығын болады-ау сендей кемге», – деп өлеңдетеді. Құрманғазы бұл әңгіменің түбінің қайдан шыққанын сезеді. Қыздың өз қара басынан мұндай ауыр сөз шығатынының ешбір реті жоғын біледі. «Жетім бала – кекшіл» дегендей, қыздың сөзі өңменінен өткендей болады. Домбыраға қосылып, қалайда жауап беру керектігін ойлап, шырқап кетеді: «Шыға алмай жаман жүреді туған жерде, Қайда да ер жүреді сыйған жерде. Сайрандап сары даланы кетсем кезіп, Өнерпаз атым шықты сіздің елде. Теңедің кемітем деп мені итке, Адасқанның өзіне алды жөн де. Азғырған біреулердің тіліне еріп, Құрбыжан тілім тисе, артық көрме. Қонақ көрген көргенді елдің қызы, Ауылыңа келген жұртқа «тиістің» неге?» – дей бергенде Нарынбай сезіп қалып, айдап салып отырған жігіттерді алдына шақырып алып, қамшының астына алады. Ойынның қызығы бүлінеді. Төремұрат, Нарынбай, Қызданай үшеуі Құрманғазыны үш жағынан жұбатып, ақыл айтқанымен, күйшінің көңіліне бір түйін түсіп, ойынды қалай қыздырамын дегенімен, бұл кеште Құрманғазы сырттай ғана жарқылдап, іші түтін болады. Нарынбайдың ашуынан зәресі ұшып кеткен Шөкен қыз қаша жөнеліп, енді ойынның қарасын да көре алмайды. Ойын тараған соң, Құрманғазы жатқан үйіне келіп, көрер таңды көзімен атқызады. Ертеңінде батырлардың алдында тағы бір күй тартып, оның атын «Төремұрат – Нарынбай» атайды. Қоштасып, батырлар берген арғымақ атты жетекке алып, Бөкейге қарай жол тартады.
English
Töremurat – Narynbay
Töremurat sets up a watch around and sacrifices many animals, celebrating "the second wedding of Qyzdanai" with a grand feast. Many prizes at the celebration are again won by Kurmangazy. When the games begin in the evening, the young men of the defeated heroes from the past deer hunt, seeking revenge on Kurmangazy for their humiliation, seduce a girl named Shoken, teach her a couple of verses, and have her challenge Kurmangazy. The girl approaches the unsuspecting musician coyly and says, "Dear uncle, let’s have a contest!" Kurmangazy, feeling embarrassed to refuse, simply replies "let it be," and without asking for a turn, Shoken starts: "Where the rich settle, a stake remains, Where the fox is slaughtered, its meat remains. Having feasted and enjoyed the honor, You wander like a dog, full in that place. You walk around like a 'pale wanderer' in our land, Unaware of your strength in a foreign place, My words may be wasted on such a lowly one," she recites. Kurmangazy senses where this conversation is coming from. He knows there’s no way such heavy words could come from the girl herself. As they say, "An orphaned child is vengeful," her words pierce through him. Accompanying his thoughts with the dombra, he realizes he must respond somehow and begins to sing: "One cannot thrive in their birthplace, Wherever one goes, a man is honored. Wandering the yellow steppe, I roam, My name as an artist has spread in your land. You thought to belittle me by comparing me to a dog, It’s only right for the lost to find their way. Following the words of some seducers, If my tongue offends you, do not take it amiss. A girl from a hospitable land, Why do you say 'you deserve it' to the guests in your village?" Just as he begins, Narynbay senses it and calls the young men he has been urging forward, taking them to task. The excitement of the game is disrupted. Töremurat, Narynbay, and Qyzdanai all try to console Kurmangazy from three sides, advising him, but a knot forms in the musician's heart, and while he thinks about how to enliven the game, that evening Kurmangazy only sparkles from the outside, while inside he is troubled. The girl Shoken, frightened by Narynbay's anger, runs away and can no longer see the game. After the game disperses, Kurmangazy returns to the house where he is staying and watches the dawn with his own eyes. The next day, in front of the heroes, he plays another tune, naming it "Töremurat – Narynbay." After bidding farewell, he takes the steed given by the heroes and heads towards Bokey.