Амандасар

Құрманғазының Төремұрат – Нарынбайға баруын біреулер басқаша айтады. Ел ауызындағы нұсқа бойынша, Құрманғазы жоғарыда айтылғандай басқа ауылдан батырлар тауып алып, сәлем беріп кіріп барғанда ешкім назар аудармаған соң, қолындағы домбырасын алып, тізерлеп отыра қалып, бір күй тартады. Домбыраның даусы шығып бастағанда-...

Kazakh
Амандасар
Құрманғазының Төремұрат – Нарынбайға баруын біреулер басқаша айтады. Ел ауызындағы нұсқа бойынша, Құрманғазы жоғарыда айтылғандай басқа ауылдан батырлар тауып алып, сәлем беріп кіріп барғанда ешкім назар аудармаған соң, қолындағы домбырасын алып, тізерлеп отыра қалып, бір күй тартады. Домбыраның даусы шығып бастағанда-ақ, дуылдап отырған көп тына қалады. Құрманғазы да оларға қарамай, күйдің ырғағына жаны билегендей өзімен-өзі болып кетеді. Күйде неше алуан сыпайы үндер, оның арасында жалғыз атты жолаушының салған әні секілді дыбыстар кезектеседі. Құрманғазы күйді аяқтаған кезде Нарынбай тұрып: «ау, жаным, қайдан келдің? әңгімемен байқамаппыз ғой, жоғары шық», – депті дейді. Құрманғазының сол арада тартқан күйін көпшілік сұрап болмаған соң, қайта орындап, күйдің аты «Амандасар» еді десе керек.
English
Greeting
Some people tell a different story about Kurmangazy's visit to Toremurad - Narynbay. According to the version passed down among the people, when Kurmangazy, as mentioned above, found heroes from another village and entered to greet them, no one paid attention. So, he took his dombra, knelt down, and began to play a tune. As soon as the sound of the dombra started, the noisy crowd fell silent. Kurmangazy, without looking at them, became lost in the rhythm of the tune as if his soul was dancing. The melody featured various gentle tones, alternating with sounds reminiscent of a song sung by a lone traveler. When Kurmangazy finished the tune, Narynbay stood up and said, "Oh, my dear, where did you come from? We didn't notice you with our conversation, come up," they say. After the crowd requested him to play the tune again, it is said that he performed it once more, and the name of the tune was "Amandasar."