Қашқындық жолы

Құрманғазы отыз орыс өлтіріп, хан оны «Құрманғазы жүрген жерінде ұсталсын» деп бұйрық берген екен. Құрманғазының руы қызылқұрт екен. Содан Құрманғазы қашып жүріп бір күні Төремұрат батырдың үйіне келіп, оған қызметке жүргісі келетінін айтқан. Төремұрат жүруге ұлықсат еткен. Сонда қызмет істеп жүре береді. Оның кім екен...

Kazakh
Қашқындық жолы
Құрманғазы отыз орыс өлтіріп, хан оны «Құрманғазы жүрген жерінде ұсталсын» деп бұйрық берген екен. Құрманғазының руы қызылқұрт екен. Содан Құрманғазы қашып жүріп бір күні Төремұрат батырдың үйіне келіп, оған қызметке жүргісі келетінін айтқан. Төремұрат жүруге ұлықсат еткен. Сонда қызмет істеп жүре береді. Оның кім екенін білмейді. Төремұраттың жолдасы аңғарғыш адам екен, Құрманғазының тегін жүріспен жүрмеген адам екенін біліп бір күні Төлемұратқа: – Батыр, осы қараңнан (Құрманғазы арық, ұзын қара кісі екен) қорқам, тегін адам емес, осының оңайын сұрап, ұлықсат бергенің мақұл, өйткені бір кесірі тиер, – дейді. Төлемұрат бір күні Құрманғазыны шақырып алып: – Ал, шырағым, сен қайдан жүрген кісісің, жөніңді айтшы? – дегенде: – Менің атым Құрманғазы. Отыз орысты өлтіріп, қылмысты болып қашып жүрмін. Хан «ұсталсын» деген еді, соған қашып жүрмін. Сізге паналап келдім, – дейді. – Ол айтқаның дұрыс. Мен сені қолымнан келгенше паналатамын, бірақ ханға күшім жетпейді. Әлім деген руда екі батыр бар. ... Сол екеуі осы күнге дейін ханға дұрыс бағынған жоқ. Хан да оларға бата алмайды. Сол екі батырға бар, солар паналар, – дейді. Құрманғазы күрең атына мініп, сол екі батырға келіп: «Сіздерге қызметке жүрейін деп едім», – дейді. Батырлар келісіп жылқы бағуға жұмысқа алады. Құрманғазыға «арық қара» деп ат қояды. Сөйтіп жүргенде Кіші жүзде бір той болып, соған сауын айтады. Соған екі батыр екі көк мойнақ ат жаратады. Және Құрманғазыға: – Арық қара, мына күрең атыңның мүшесі тәуір екен, бәйгіге қоспайсың ба? – дейді. Сонда Құрманғазы: – Қоссам қосармын, – дейді де жүре береді. Айтылған уақытында той болады. Екі батыр жаратқан екі атын алып барады. Хан да жүйрік екі-үш атын жаратып әкелген екен Құрманғазы да күрең атын алып келеді. Аттарды бәйгіге де жібергенде Құрманғазыға: – Е, арық қара, атыңды бәйгіге қосасың ба? – дейді әзілдеп. – Қосамын, – дейді. – Е, қалай қоспақшысың, жаратқан жоқсың ғой, терін алған жоқсың. Тоқ ат шаба ма? – Ой, терін ауырлаған ат бола ма? – дейді де, күреңнің үстіне қырық жастағы бір адамды мінгізіп, аттың сырын айтып, бәйгіге жібереді. Бәйгі он көштік жерден болады. Күрең ат бәйгінің алдында жалғыз, үстіндегі кісі басын тарта алмай өкпесі қысылып, әрең келеді. Күрең ат бірінші бас бәйгіні алады. Енді балуан күресі болғанда хан «түйе балуан» деген, денесі адамға бітпеген бір зор адамды шығарады. Бай екі батырға: – Ал, батырлар, балуаныңды шығарың, – дейді. Батырдың балуандарынан бірі де шықпайды. Сөйтіп тұрғанда бір батыр Құрманғазыға: – Қалай, арық қара, күресіп көресің бе мына балуанмен? – дейді. Құрманғазы: – Жарайды, – деп ортаға қарай шығып, шешінбестен үстіндегі күпісімен жүре береді. Батырлар: – Тоқта, қайда барасың? Шешінсейші, – дейді. Құрманғазы: – Ей, киімін ауырлаған балуан балуан бола ма? – дейді де күреседі. Күресте ханның түйе балуанын жығады. Сол уақытта екі батыр қуанып «арық қараны» құшақтап: – Әй, сен Құрманғазы емессің бе? – дегенде: – Ай, ағайлар, мені өлтірдіңіз ғой, мына хан мені ұстап алады ғой, – дейді. Сонда екі батыр: – Жоқ, шырағым, енді екеуіміздің біреуіміз өлмей сені ұстап бермейміз, – дегенше болмайды, ханның әскерлері қоршап алады. Екі батыр ұрысып алдыртпай кетеді. Артынан екі батырға кісі салады. «Құрманғазыны бізге ұрыссыз бер, егер ұстап бермесең, ұрыс болады» деп келген кісіні кейін қайтарады. – Беретін кісіміз жоқ, ұрысса ұрысқанша, төбелессе төбелескенше тұрамыз, – дейді. Артынан екі мыңға жуық әскерімен екі батыр ұрысып, тағы жеңеді. Бірақ бірі ауыр жараланып қайтады. Содан кейін қалған бір батыр Құрманғазыға: – Ал, шырақ, екеуіміздің біреуіміз өлмей ұстап бермеймін деп едім, әлде де өзім өлмей сені ұстап бермеймін. Бірақ, енді сен басқа жерге кеткенің тәуір болар еді. Жалғыз күшім жетпес, – дейді. Құрманғазы «мақұл» деп күрең атына мініп қашқындық жолмен кете барады. Сөйтіп, жүргенде көптеген жылдар өткесін, Құрманғазыны ұстап түрмеге салады. Артынан шешесі іздеп барғанда, ауыз-ауыз жолықтырмайды. Сонда жатып «Қайран шешем» деген күйді шығарады.
English
The Path of Exile
Kurmanzha killed thirty Russians, and the khan ordered that "Kurmanzha should be captured wherever he goes." Kurmanzha's clan is called Kyzylkurt. So, while Kurmanzha was on the run, one day he came to the house of the hero Toremurad and expressed his desire to serve him. Toremurad allowed him to stay. He continued to work without knowing who he was. Toremurad's companion was an observant person and realized that Kurmanzha was not an ordinary man, so one day he said to Toremurad: – Hero, I fear this dark man (Kurmanzha is a thin, tall dark-skinned man); he is not an ordinary person. It is fine that you have allowed him to stay, but there might be trouble. – Toremurad one day called Kurmanzha and asked: – Well, my dear, where are you from? Tell me your story. – Kurmanzha replied: – My name is Kurmanzha. I killed thirty Russians and am on the run as a criminal. The khan ordered for me to be captured, and I am fleeing from that. I came to seek refuge with you. – – What you said is correct. I will shelter you as much as I can, but I cannot confront the khan. There are two heroes from the clan Alim. ... They have not obeyed the khan until today. The khan cannot dare to confront them either. Go to those two heroes; they will shelter you, – he said. Kurmanzha mounted his chestnut horse and went to those two heroes, saying: "I would like to serve you." The heroes agreed and took him on to work as a horse herder. They named him "Thin Dark." While he was working, there was a celebration in the Small Zhuz, and they announced a feast. The two heroes prepared two blue-maned horses for it. And they said to Kurmanzha: – Thin Dark, your chestnut horse has good qualities; won't you enter it in the race? – Kurmanzha replied: – If I enter, I will. – The feast took place at the appointed time. The two heroes brought their prepared horses. The khan also brought two or three swift horses. Kurmanzha brought his chestnut horse as well. When they sent the horses for the race, they jokingly asked Kurmanzha: – Well, Thin Dark, will you enter your horse in the race? – – I will, – he replied. – How will you enter it? You haven't prepared it; you haven't trained it. Can a horse that hasn't sweated run? – Oh, can a horse that hasn't sweated be heavy? – he said and had a forty-year-old man ride on the chestnut, explaining the horse's qualities, and sent it off for the race. The race was held ten miles away. The chestnut horse was alone in front, and the rider could not pull his head back, gasping for breath, and barely made it. The chestnut horse won the first prize. Now, when it came to the wrestling match, the khan brought out a huge man known as the "camel wrestler," whose body was not suited for a human. The rich man said to the two heroes: – Well, heroes, bring out your wrestler. – None of the heroes' wrestlers came out. While they were standing there, one hero asked Kurmanzha: – How about it, Thin Dark, will you wrestle with this wrestler? – Kurmanzha replied: – Alright, – and stepped forward without undressing, still wearing his coat. The heroes said: – Wait, where are you going? Undress! – Kurmanzha replied: – Hey, can a wrestler be heavy with his clothes on? – and began to wrestle. In the match, he threw down the khan's camel wrestler. At that moment, the two heroes joyfully embraced "Thin Dark" and said: – Hey, aren't you Kurmanzha? – Kurmanzha replied: – Oh, brothers, you have killed me; the khan will capture me now. – Then the two heroes said: – No, my dear, one of us will not die without protecting you, – and before they could finish, the khan's soldiers surrounded them. The two heroes fought and managed to escape. Later, they sent someone to the two heroes, saying: "Hand over Kurmanzha to us without a fight; if you do not hand him over, there will be a fight." The heroes replied: – We have no one to give; we will stand until we fight or until we brawl. – Later, with about two thousand soldiers, the two heroes fought again and won. However, one was severely wounded and returned. After that, the remaining hero said to Kurmanzha: – Well, my dear, I said I would not hand you over without one of us dying, and I still will not hand you over without dying myself. But it would be better for you to go somewhere else. I cannot do this alone, – he said. Kurmanzha agreed and mounted his chestnut horse, fleeing down a different path. Thus, after many years, Kurmanzha was captured and imprisoned. Later, when his mother came to search for him, they did not allow her to meet him. While lying there, he composed the tune "Oh, my dear mother."