Көрұғлы (IІ нұсқа)

Қазақта «Ақыл-ауыс, ырыс-жұғыс» деген әдемі сөз бар. Бұл көрші жатқан елдердің бір-біріне рухани ықпалының болып отыратынын, қоңсылық қайырымды меңзеген сөз. Қазақ пен түркімен жапсар жатқан елдер. Сондықтан да, рухани орталық, өнер жолындағы өзара ықпал етушілік қашаннан орныққан дәстүр. Бұл дәстүрден Дәулеткерей де ш...

Kazakh
Көрұғлы (IІ нұсқа)
Қазақта «Ақыл-ауыс, ырыс-жұғыс» деген әдемі сөз бар. Бұл көрші жатқан елдердің бір-біріне рухани ықпалының болып отыратынын, қоңсылық қайырымды меңзеген сөз. Қазақ пен түркімен жапсар жатқан елдер. Сондықтан да, рухани орталық, өнер жолындағы өзара ықпал етушілік қашаннан орныққан дәстүр. Бұл дәстүрден Дәулеткерей де шет қалмаған. Ол түркімен тақырыбына арнап «Нар иген», «Тәштит», «Көрұғлы» сияқты күйлер шығарған. Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйінің аңыз әңгімесі Орта Азия халықтарының арасында кеңінен тараған әйгілі «Көрұғлы» дастанының оқиғасымен тамырлас болғанымен, күйдің шығу себебі күйші өмірінің бір сәтімен байланыстырла айтылады. ...Бірде, ауылы аралас, қойы қоралас жатқан, төсекте басы, төскейде малы қосылған түрікмен ағайынға Дәулеткерей қонақтап барып қайтыпты дейді. Сонда ауылдастары алдынан шығып, абыройлы ел ағасының олжасын қызықтамақ ниет білдірсе керек. Бұған оң шырай танытқан Дәулеткерей: «Уа, ағайын, сөзіме құлақ сал! – депті. – Түркімен ағайынның көңілінде көлеңке жоқ екен. Мал беріп еді, «өледі» деп алмадым, дүние беріп еді, «тозады» деп алмадым. Бірақ құр қол қайтқаным жоқ. Осы сапардың бір белгісі болсын деп, өлмейтін, тозбайтын күй шығарып қайттым!» – деген екен. Сондағысы, осы «Көрұғлы» күйі еді дейді.
English
Körughly (Version II)
In Kazakh, there is a beautiful saying: "Akyl-auys, yrys-zhugys." This indicates that neighboring countries have a spiritual influence on each other, hinting at the kindness of friendship. The Kazakhs and Turkmens are neighboring nations. Therefore, the spiritual center and mutual influence in the arts have long been established traditions. This tradition also included Dauletkeri. He composed pieces such as "Nar igen," "Tashtit," and "Koruğlı" dedicated to Turkmen themes. The legend of Dauletkeri's "Koruğlı" is closely related to the events of the famous "Koruğlı" epic, widely spread among the peoples of Central Asia, although the reason for the composition of the piece is said to be connected to a moment in the musician's life. ...Once, it is said that Dauletkeri visited the Turkmen relatives, whose villages were close and whose sheepfolds were adjacent, where their heads and livestock were combined. Then, the villagers came out to meet him, expressing their desire to admire the spoils of the esteemed elder. To this, Dauletkeri, showing a positive attitude, said: "O, relatives, listen to my words! – he said. – The Turkmen have no shadow in their hearts. When I was offered livestock, I did not take it, thinking it would 'die'; when I was offered wealth, I did not take it, thinking it would 'wear out.' But I did not return empty-handed. Let this be a sign of my journey; I have composed an everlasting, indestructible piece!" – it is said. That piece was this "Koruğlı."