Шалқайма

Ресей отарлаушыларының қысымына шыдамаған Қожеке қоныс аударуға мәжбүр болады. Қарқарада отырғанда ауылдастарын шақырып алып: – Қотаныңнан шыққаның – Отаныңнан шыққаның емес. Іленің арғы жағы да біздің бабаларымыздың ата қонысы. Соған көшелік. Қытайдың көзі қысық болғанымен, өзі пысық, сөзге түсінеді, – дегенде, бірсып...

Kazakh
Шалқайма
Ресей отарлаушыларының қысымына шыдамаған Қожеке қоныс аударуға мәжбүр болады. Қарқарада отырғанда ауылдастарын шақырып алып: – Қотаныңнан шыққаның – Отаныңнан шыққаның емес. Іленің арғы жағы да біздің бабаларымыздың ата қонысы. Соған көшелік. Қытайдың көзі қысық болғанымен, өзі пысық, сөзге түсінеді, – дегенде, бірсыпыра ағайын келіспей, шалқая тыңдап, теріс пікір білдіреді. Сонда Қожеке жаңа бір күй тартады. Тыңдап болғанның бірі: – Көке, бұл қай күйіңіз? – дейді. – «Еңкейгенге еңкей, ол – адамның құлы емес, шалқайғанға шалқай – ол Құдайдың ұлы емес», күйдің аты «Шалқайма» – депті. Сонда барып біраз ағайын Қожекенің сөзіне тоқтаған екен.
English
Shalkayma
Unable to withstand the pressure of the Russian colonizers, Kozheke is forced to migrate. While sitting in Karkara, he gathers his fellow villagers and says: – "Coming out of your yurt does not mean leaving your homeland. The other side of the Ili River is also the ancestral land of our forefathers. Let's move there. Although the Chinese have slanted eyes, they are clever and understand words," when he said this, several relatives disagreed, listening with disdain and expressing negative opinions. Then Kozheke plays a new tune. One of those who listened asks: – "Uncle, what is this tune of yours?" – "It’s called 'Shalkaimа' – 'Bend to the one who bends, he is not a servant of man; stand tall to the one who stands tall – he is not the son of God,'" he replied. Only then did some of the relatives heed Kozheke's words.