Жорға аю (ІІІ нұсқа)

Ертеде бір аңшы аю аулауға тауға кеткенде, кішкене баласы әкесінің артынан ілесіп қалмайды, әкесі ол баланы аңғармайды. Қалың тоғайға кірген соң, бала әкесінің қарасынан көз жазып, жолдан адасып, жалғыз өзі беті ауған жағына жүре береді. Осы уақытта ол балаға аю шабуыл жасап, өлтіреді де, оны жерге көміп жатады. Бір ке...

Kazakh
Жорға аю (ІІІ нұсқа)
Ертеде бір аңшы аю аулауға тауға кеткенде, кішкене баласы әкесінің артынан ілесіп қалмайды, әкесі ол баланы аңғармайды. Қалың тоғайға кірген соң, бала әкесінің қарасынан көз жазып, жолдан адасып, жалғыз өзі беті ауған жағына жүре береді. Осы уақытта ол балаға аю шабуыл жасап, өлтіреді де, оны жерге көміп жатады. Бір кезде осы аюдың ізіне түскен аңшы, баласын жайғастырып көмгелі жатқан азулы аңның үстінен шығады. Аңшы аюды атады, бірақ оқ аюдың бір аяғына тиеді. Жараланған аю үш аяғымен қашады. Аюдың сондағы шабысы жорғаның жүрісін елестетеді. Екінші рет атқанда аюды құлатады.
English
Jorga Bear (Version III)
Once upon a time, a hunter went to the mountains to hunt a bear, and his little son followed him without his father noticing. After entering the dense forest, the boy lost sight of his father, got lost, and wandered off in the direction he was facing. At that moment, a bear attacked the boy, killed him, and buried him in the ground. At some point, the hunter, who was following the bear's trail, stumbled upon the fierce beast that had just buried his son. The hunter shot the bear, but the bullet only hit one of its legs. The wounded bear fled on three legs. The bear's run at that moment resembled the gait of a steed. When he shot a second time, he brought the bear down.