Жекпе-жек

Мүйізді Өтеген батыр еліне жайлы қоныс, шұрайлы мекен іздеп көп нөкерімен жолға шығады. Шығысында Бежінге дейін барып, батысында Еділге дейін жол тартады. Талай азапты басынан кешіреді. Ақтөбе деген жерге бет алғанда таң бозында алдарынан алып айдаһар шығып, кес-кестеп тұра қалады. Нөкерлерінің бәрі жанынан шошып кейін...

Kazakh
Жекпе-жек
Мүйізді Өтеген батыр еліне жайлы қоныс, шұрайлы мекен іздеп көп нөкерімен жолға шығады. Шығысында Бежінге дейін барып, батысында Еділге дейін жол тартады. Талай азапты басынан кешіреді. Ақтөбе деген жерге бет алғанда таң бозында алдарынан алып айдаһар шығып, кес-кестеп тұра қалады. Нөкерлерінің бәрі жанынан шошып кейін шегінгенде, Өтеген өзі жеке шығып айдаһармен алысыпты дейді. Батырды жеңе алмаған айдаһар кейін шегініп, Өтегеннің керуеніне жол беріпті дейді. Осы жекпе-жекті Байсерке күй тілімен бейнелесе керек.
English
Duel
The horned Otegen Batyr sets out with many of his followers in search of a comfortable dwelling and fertile land for his people. He travels east to Bezhin and west to the Volga River. He endures many hardships along the way. When he heads towards a place called Aktobe, a giant dragon appears before them at dawn and blocks their path. When all of his followers are frightened and retreat, Otegen steps forward alone to fight the dragon. It is said that the dragon, unable to defeat the hero, retreats and allows Otegen's caravan to pass. This duel is said to be depicted in the language of the Baiserke song.