Үш атаның тартысы (І нұсқа)

Кіші жүздің төресі Қаналы үлкен бір мәжіліс ұйымдастырып, оған дүйім жұртты шақырады. Мәжіліс үстінде көптеген ойындар көрсетіледі, өнер сайысы болады. Ақырында күй тартысы басталады. Тартысқа үш кісі түседі. Олар: Байұлынан – Есбай, Әлімнен – Тоғызбай, Жетірудан – Науша қыз екен. Бірінші кезек Науша қызға тиеді. Науша...

Kazakh
Үш атаның тартысы (І нұсқа)
Кіші жүздің төресі Қаналы үлкен бір мәжіліс ұйымдастырып, оған дүйім жұртты шақырады. Мәжіліс үстінде көптеген ойындар көрсетіледі, өнер сайысы болады. Ақырында күй тартысы басталады. Тартысқа үш кісі түседі. Олар: Байұлынан – Есбай, Әлімнен – Тоғызбай, Жетірудан – Науша қыз екен. Бірінші кезек Науша қызға тиеді. Наушаның тартқаны «Шилеме, шегелеме» күйі. Аңызда Науша бұл күй жайында былай депті- міс: «Бірде далада «Ақсүйек» ойнап жүргенде, шоңқаймамды тасқа соғып, өкшесін сындырып алдым. Сонда бір құрбы жігіт, ұсталығы бар еді, айдың жарығында шоңқаймамның өкшесін кәдімгі шимен шегелеп берді. Сондағы құрбымның өнеріне разы болып шығарған күй еді». Қазақ өнері – Шығыс өнерінің бір саласы, мұнда астарлап айту, символ мен ырым көп орын алады. Мысалы, бұл күйде әңгіме мүлдем ұста жігіттің өнері жайлы емес екені аңғарылады. Немесе ашып айтсақ, Науша қыз көңілдестік жайын меңзеп, емеурінмен жеткізген. Келесі кезек ата жолы үлкен Тоғызбайға тиеді. Тоғызбай «Қызыл қайың – Мамыт» деген күйді тартады. Бұл күйдің әңгімесін Тоғызбай былай деп түйген екен: «Бір жігіт бір қызбен көңілдес болады. Бірақ өзінің олақтығынан, келген сайын иттерді шулатып, елге жария болып қалады. Содан кейін бірде, әсіресе белсене шауып жүрген бір қайың-қаптал итті манағы жігіт айдалада қуып жүріп, әбден сабап, бір аяғын сындырып қоя береді. Міне, сонда, «итті алдай алмаған жігіт қызбен не сөйлеспек?» деп шығарған күйім еді», – депті. Науша мен Тоғызбайдың арасында әлденедей, келісім, ұғысымның барын байқау қиын емес. Науша, қыздың көңілін таба білген епті жігіт жайын айтса, Тоғызбай жұғымы жоқ олақ, ебедейсіз жігіт жайын айтып отыр. Сол жиында отырған қыз-бозбалаға өнеге ғой бұл. Үшінші кезек Есбайға тиеді. Есбай сол жерде отырған халыққа қарап: «Уа, жарандар, мына екі домбырашы бұрыннан дайындап келген күйлерін тартты. Ал мен осы арада, табан астында шығарған күйімді тартамын. Және бұлар оң қағып тартса, мен теріс қағып тартамын», – деп, «Теріс қақпай» күйін тартады. Атырау өңірінде Есбайдың шертісіне тәнті болмайтын адам болмаған. Жұрт: «Па, Байұлының домбырашысындай күйді ешкім шала алмас. Тазбала жеңді», – десіп шуласып кетеді. Сол кезде Қаналы төре: «Халықтың аузына Байұлының атын Құдайдың өзі салды ма, әлде Есбайдың бағы ма, білмеймін. Қош! Байрақ Есбайдікі», – дейді. Сонда елде болмаған бір оқиға болыпты. Айрандай ұйыған жұртты селк еткізіп, Науша қыз: «Дат», – дейді. Қазақта тіл кеспек, сөзін жұтқызу деген жоқ. Қаналы төре: «Айт!» – дейді. Науша қыз былай дейді: – Уа, алдияр! Мен бірінші кезек өзіме тигенде сасып қалып, қолыма ілінген күйді тарта салып едім. Ендігі тілек – осы жиынға арнап, әкелген күйімді тартсам деп едім. Маған байрақ керек емес. Жұрт күйімді тыңдаса болды. Халық та, төре де құп көреді. Науша қыз өзінің «Бұлбұл» атты әйгілі күйін тартады. Жұрт Наушаның саусақ алысына қайран қалып: «Апырмай, Байұлы бізді қолын олай сермеп, былай сермеп алдап кеткен жоқ па осы? Мына Наушаның қолы ілме күйге шебер екен», – дейді. Біреулер тіпті «Байрақты Науша алсын!» – деп қалады. Қаналы төре: «Ау, халайық, төре екі сөйлемейді. Бір тойда екі жоралғы болмайды, өздерің Есбайды жақсы дедіңдер. Мен «хош» дедім. Ал енді мына сөзің қай сөз? Қысқасы, төре бір-ақ байрақ береді. Ауылдың атынан сый- құрмет берсеңдер – оны өздерің білесіңдер», – дейді. Осы кезде Есбай сөз алады: – Уа, халайық! Осы жасқа келгенше талай тартысқа түстім. Осы уақытқа дейін өзім білген домбырашы менің алдымды кеспеп еді. Ешкім менен кейін күй тартпап еді. Ал енді Науша қыздың мына тартуын менің заманымның өткені деп білдім, – дейді. Дейді де, мұңайып отырып: «Өттің дүние» күйін қозғайды.
English
The Struggle of Three Ancestors (Version I)
The khan of the Small Horde, Qanaly, organizes a large assembly and invites the entire community. During the assembly, many games are showcased, and there is a competition of arts. Finally, a musical contest begins. Three participants take part: Esbai from the Baiuly clan, Toğyzbai from the Alim clan, and Nausha, a girl from the Jetiru clan. The first turn goes to Nausha. The piece Nausha plays is called "Shileme, Shegeleme." In the legend, Nausha recounts about this piece: "Once, while playing 'Aqsuyek' in the steppe, I accidentally hit my heel against a stone and broke it. Then a friend of mine, who was skilled, nailed my heel with a nail under the moonlight. This piece was inspired by my friend's craftsmanship." Kazakh art is a branch of Eastern art, where metaphorical expression, symbols, and rituals play a significant role. For instance, it becomes clear that this piece is not merely about the skill of a craftsman. To put it plainly, Nausha hints at romantic matters through her performance. The next turn goes to the elder Toğyzbai. Toğyzbai plays a piece called "Qyzyl Qaiyn – Mamit." Toğyzbai summarizes the story of this piece as follows: "A young man becomes romantically involved with a girl. However, due to his clumsiness, he causes a commotion with dogs every time he visits, making it public knowledge. Then one day, while chasing a particularly lively dog, he ends up injuring it and breaking one of its legs. Thus, I composed this piece, thinking, 'If a young man cannot deceive a dog, how can he converse with a girl?'" It is not difficult to notice the underlying agreement and understanding between Nausha and Toğyzbai. Nausha speaks of a skilled young man who knows how to win a girl's heart, while Toğyzbai describes a clumsy, awkward young man. This serves as a lesson for the young men and women present at the gathering. The third turn goes to Esbai. Esbai looks at the audience and says, "O, dear friends, these two musicians have played the pieces they prepared beforehand. Now, I will play a piece that I will create on the spot. And while they play with the right hand, I will play with the left hand," and he plays the piece "Teris Qaqpay." In the Atyrau region, there is no one who is not captivated by Esbai's performance. The crowd exclaims, "Wow, no one can play like the Baiuly's musician. Tazbala has won!" At that moment, Qanaly the khan says, "I do not know whether it is God who has placed the name of Baiuly in the people's mouths or if it is Esbai's fortune. Well! The victory belongs to Esbai," he declares. Then an unprecedented event occurs. The crowd, who had been united like yogurt, is startled when Nausha exclaims, "Dat!" In Kazakh culture, there is no such thing as silencing someone or swallowing their words. Qanaly the khan says, "Speak!" Nausha then says: - O, dear friends! When it was my turn, I panicked and played the first piece that came to my hand. My next wish is to play the piece I brought for this gathering. I do not need a victory. I just want the people to listen to my piece. Both the crowd and the khan approve. Nausha plays her famous piece titled "Bulbul." The audience is amazed by Nausha's fingerwork and exclaims, "Oh my, has Baiuly deceived us with his hand movements? Nausha's hand is skilled at playing intricate pieces," they say. Some even suggest, "Let Nausha win the victory!" Qanaly the khan responds, "Oh, people, a khan does not speak twice. There cannot be two victories at one celebration; you all praised Esbai. I said 'well.' Now, what is this word of yours? In short, the khan gives only one victory. If you want to honor someone on behalf of the village, you know what to do," he says. At this moment, Esbai speaks: - O, people! Until this age, I have participated in many contests. Up until now, no musician I knew had ever interrupted me. No one played after me. But now, I consider Nausha's performance as a reflection of the past of my time, he says. He then, with a sigh, plays the piece "Öttin Duniye."