Жалды қара

Тұржанның айтуы бойынша, «Жалды қара» күйінің тууы былай болыпты: Домбырашы Есбайдың тұсында Таз руында Көпен деген халыққа беделі бар, ауқатты адам болыпты. Көпеннің отыз жылқысы, бес түйесі, 40-50 қойы болса керек. Бір жылы қыс қатты болып, мал түгел боранға ұшыраған. Сонда Көпеннің де малы өліп, жалғыз қара айғыры ғ...

Kazakh
Жалды қара
Тұржанның айтуы бойынша, «Жалды қара» күйінің тууы былай болыпты: Домбырашы Есбайдың тұсында Таз руында Көпен деген халыққа беделі бар, ауқатты адам болыпты. Көпеннің отыз жылқысы, бес түйесі, 40-50 қойы болса керек. Бір жылы қыс қатты болып, мал түгел боранға ұшыраған. Сонда Көпеннің де малы өліп, жалғыз қара айғыры ғана тірі қалады. Жалы тізесіне төгілген қара айғыр, жазғытұрым үйірін іздеп, қолды-аяққа тұрмай, бекітсе – бекітуге, байласа – байлауға көнбей, кісінеп, ауылды айнала шауып жүреді. Мұны көрген Есбай: – Шіркін, жануарым-ай, жалғыз қалып зарыққан екен, – деп күй шығарады. Содан халық арасына Есбайдың «Жалды қара» күйі болып таралып кетіпті.
English
Black smoke
According to Turzhan, the story of the creation of the "Jaldy Qara" melody goes as follows: During the time of the musician Esbay, there was a wealthy man named Kopen from the Taz tribe, who had a significant reputation among the people. Kopen owned thirty horses, five camels, and 40-50 sheep. One year, the winter was harsh, and all the livestock were caught in a blizzard. As a result, Kopen's livestock perished, leaving only a black stallion alive. The black stallion, with its mane flowing to its knees, searched for its herd in the spring, refusing to be restrained or tied down, neighing and running around the village. Seeing this, Esbay exclaimed: – Oh, my dear animal, you are left alone and are longing, – and thus he composed a melody. From then on, Esbay's "Jaldy Qara" melody spread among the people.