Жалғыз аяқ

Бағаналы Сандыбайдың Ерденінің баласы қайтыс болғанда Ықылас өзінің «Ерден» деп аталып кеткен жұбату күйін тартқан. Сол жолы Ықыластың арқалы өнеріне тәнті болған Ерден Тамалардың барымталанған жылқысының қайтарылуына себепші болған ғой. Оған қоса Ықыластың алғаш рет алыс-жақындағы бас көтерер білікті адамдарға танымал...

Kazakh
Жалғыз аяқ
Бағаналы Сандыбайдың Ерденінің баласы қайтыс болғанда Ықылас өзінің «Ерден» деп аталып кеткен жұбату күйін тартқан. Сол жолы Ықыластың арқалы өнеріне тәнті болған Ерден Тамалардың барымталанған жылқысының қайтарылуына себепші болған ғой. Оған қоса Ықыластың алғаш рет алыс-жақындағы бас көтерер білікті адамдарға танымал болатыны да осы кез. Тама руының игі жақсыларына олжа салып, өз ағайындарының арасында да зор беделге жеткен. Осы сапар Ықыластың қанатты өнеріне тәнті болған Ерден сый-құрмет көрсетіп, астына ат мінгізеді, иығына шапан жабады. Содан Ұлытаудағы Ерден ауылынан көңілдері көтеріңкі аттанған Тама елінің адамдары Сарысу бойындағы қонысына ертерек жетуге асығып, суыттау жүрсе керек. Сол суыт жүріске шыдамай, Ықыластың Ерден ауылынан сыйға мінген аты ақсап, қолдауы сөгіліп қалады. Бұл топтың ішіндегі ең жасы Ықылас болған соң үлкендер жағы әзілдеп: «Әй, Ықылас, осы сенің қобызыңның дауасы күшті болып тұр. Жалғызынан айырылып, жер бауырлап жатқан Ерденнің қайғысын сейілтіп, басын жерден көтерттің. Ол аз дегендей, Ерденнің көнтақым ұрылары әлдеқашан сіңіріп кеткен малымызды қайтарттың. Енді мына Ерденнен мінген пырағыңның жанын қинамай, сол қобызыңның өнерін тағы көрсетіп, бір шипа келтірмейсің бе», – дейді. Ұзын жолда ерігіп келе жатқандарға ермек керек, басқалары да әлгі сөзді қолдап, кеу-кеулеп кетеді. Сонда Ықылас жасы үлкен ағаларының сөзін әзіл де болса жерге тастамай, ат үстінде келе жатып қобыз тартады. Сарыны да, ырғағы да бөлек соны саз әлгінде ғана әзілдеп келе жатқан үзеңгілестерін елең еткізеді. Күй еркелей толқып, сырғи созылып барып аяқталғанда тыңдаушылары: «Өй, мынауың тың сарын болды ғой!» – деп таңданыс білдіреді. Сонда Ықылас бағанағы әзіл сөзге әзілмен жауап қайырып: «Енді қайтейін, иен далада ерімді арқалап жаяу қалар жайым жоқ. Мына ақсақ атыма шипа болсын деп тартқан күйім ғой!» деген екен. Кейін бұл күйі ел ішіне «Жалғыз аяқ» деген атпен тарап еді дейді.
English
Single file
When the son of Erden, the son of the columned Sandybai, passed away, Ykhlas played his consolation tune, which later became known as "Erden." That time, Erden, who was impressed by Ykhlas's remarkable talent, became instrumental in the return of the stolen horses of the Tamal clan. Additionally, this was the moment when Ykhlas first gained recognition among the knowledgeable people from near and far. He brought fortune to the noblemen of the Tamas and gained great respect among his own relatives. On this journey, Erden, who was captivated by Ykhlas's soaring artistry, honored him by providing a horse to ride and draping a cloak over his shoulders. Thus, the people of the Tamas, who set off in high spirits from the village of Erden in Ulytau, hurried to reach their settlement by the Sarysu River. However, unable to endure the swift pace, the horse that Ykhlas had received as a gift from Erden began to limp, and its support faltered. Since Ykhlas was the youngest among the group, the elders jokingly said, "Hey, Ykhlas, your dombra's healing power seems strong. You lifted Erden, who was grieving on the ground after losing his only son. As if that wasn't enough, you made Erden's old horsemen return our livestock that had long been taken. Now, why don't you show us the art of that dombra again and bring some healing to the soul of the steed you are riding from Erden?" Those who were idly traveling along the long road needed some entertainment, and others joined in to support the jest. In response, Ykhlas, not dismissing the words of his older brothers even in jest, began to play the dombra while riding. The melody and rhythm were distinct, and the new tune caught the attention of his companions, who had just been joking moments before. As the tune flowed gracefully and eventually came to an end, the listeners exclaimed, "Oh, this is a fresh melody!" Then Ykhlas playfully replied to the earlier jest, "What can I say? I have no choice but to carry my husband on my back in the vast steppe. This is the tune I played for my limping horse to bring it healing!" Later, this tune became known among the people as "One-Legged."