Шыңырау (ХІ нұсқа)

Бір батыр немесе жолаушы ұзақ жолдан шаршап келе жатып, күн ыстықта жапандағы бір өсіп тұрған алып бәйтеректің көлеңкесіне келіп демалады. Маужырап ұйықтап кеткен ол бір кезде тынымсыз шырылдаған дауыстан оянып кетеді. Бұл не екен деп басын көтеріп жоғары қараса, бәйтеректің жоғарғы жағында шырылдап зар қағып ұшып жүрг...

Kazakh
Шыңырау (ХІ нұсқа)
Бір батыр немесе жолаушы ұзақ жолдан шаршап келе жатып, күн ыстықта жапандағы бір өсіп тұрған алып бәйтеректің көлеңкесіне келіп демалады. Маужырап ұйықтап кеткен ол бір кезде тынымсыз шырылдаған дауыстан оянып кетеді. Бұл не екен деп басын көтеріп жоғары қараса, бәйтеректің жоғарғы жағында шырылдап зар қағып ұшып жүрген шыңырау құсты көреді және бәйтеректің басындағы шыңыраудың ұясында балапандардың шырылдаған даусын естиді. «Бұларға не болды» деп тағы да айналасына қараса, төменде оларды жеуге өрмелеп бара жатқан үлкен әбжыланды (немесе айдаһарды) көреді. Шыңырау құс оны ұясына жібермеу үшін арпалысып жүр екен. Жаңағы адам дереу қынабынан қылышын суырып алып жыланды шауып өлтіреді. Сөйтіп, құстың балапандарын ажалдан аман алып қалады. Осыдан кейін шыңырау құс батырмен мәңгі дос болуға уәде береді.
English
Shyngyrau (Version XI)
A warrior or traveler, tired from a long journey, comes to rest in the shade of a giant tree growing in the wilderness under the hot sun. As he dozes off, he suddenly wakes up to the incessant chirping sound. Curious about what it is, he lifts his head and looks up, seeing a cliff bird flying around, chirping and lamenting at the top of the tree, and hears the chirping of chicks in the cliff bird's nest at the top of the tree. "What happened to them?" he wonders, and looking around again, he sees a large snake (or dragon) climbing up to eat them. The cliff bird is struggling to keep it away from its nest. The man immediately draws his sword from its sheath and strikes down the snake, saving the chicks from death. After this, the cliff bird promises to be a lifelong friend to the warrior.