Жаңылтпаш

Өскенбайдың өскен ортасы қашаннан түркімен ағайындармен жапсар жатқан соң да, дос көңілді аралас-құраластық үзілмеген. Әсіресе, ер азаматтар арасында біліштік-тамырластық қарым-қатынас орнығып, оның өзі алыс-берісі, әзіл-қалжыңы жарасқан дәстүрге айналған. Ер жігіт елдің елдік дәстүрінен шет бола ма, Өскенбай күйшінің...

Kazakh
Жаңылтпаш
Өскенбайдың өскен ортасы қашаннан түркімен ағайындармен жапсар жатқан соң да, дос көңілді аралас-құраластық үзілмеген. Әсіресе, ер азаматтар арасында біліштік-тамырластық қарым-қатынас орнығып, оның өзі алыс-берісі, әзіл-қалжыңы жарасқан дәстүрге айналған. Ер жігіт елдің елдік дәстүрінен шет бола ма, Өскенбай күйшінің де түркімендер ішінде Құлыбай, Сапар-Мәмбет, Өдеулі сияқты күйші достары, Сейіт-Мұрат, Қош-Мұрат деген ағайынды біліш-тамыры бар екен. бірде жанына ерткен бір топ жолдастары бар Өскенбай аң аулап жүріп, жолы болып, екі құлан атып алады. Құлан атқан жері біліш-тамырлары қоныс еткен Ұлықұдық, Сауқұдық деген жерлерден алыс болмаса керек. Өскенбай «неде болса тамырларымды бір қуантайын» деп қос құланды жетегіндегі атына теңдеп, Сейіт-Мұрат пен Қош- Мұраттың ауылына ат басын бұрады. Сол бетінде ауылға келсе, үй сыртында сіресіп бірнеше ат кермеде тұр. Үй ішінен гу-гу дауыс естіледі дейді. Өскенбай дыбыс берген екен, ішінен Қош-Мұрат тамыры жүгіріп шығып, шұрқыраса амандасады. Сылқ еткізіп құланды түсіріп мәз болып қалады. – Ау, неғып дуылдасып жатырсыңдар? Мына аттыларың кімдер? – деп Өскенбай жөн сұрайды. – Пай-пай несін сұрайсың! өзіңнің жездең Мәмбет-Пана болыс, Нәубет старшын, Үдімбет-Салық бастаған игі жақсылар бүкіл Хиуаны ауызына қаратқан Құлыбай бақшының өнерін тамашалап, ду-ду болып жатыр! – дейді Қош Мұрат тамыры. Өскенбай сыртынан даңқын білетін Құлыбай-бақшының атын естігенде «апыр-ай, қалай болар екен!» – деп сәл бөгеледі де, тамырынан: – Құлыбайды сырттай естігенім болмаса, көрмеп едім, домбыра тартысы қалай екен? – деп сұрайды. – Ойбой, несін айтасың! Оның жанында сен домбыра ұстауға ұяласың! – деп Қош-Мұрат тамыры Өскенбайдың намысына шоқ тастап жібереді. Айтқандай үйге кірсе, Мәмбет-Пана бастаған жақсы-жайсаңдар төрге жайғасқан. Орталарында Құлыбай-бақшы ұзын мойын домбырасының пернелерін құлаштай қуалап, күй төгіп отыр дейді. – Ә, балдыз екен ғой, кел төрлет! – деп Мәмбет-Пана басын көтеріп отырады, – Кел балдыз, сенің де бірдеңе тыңқылдататының бар еді ғой, мына Құлыбай-бақшыдан өнеге үйренетін болдың! Мәмбет-Пананың жездесініп айтқан әзіл сөздері Өскенбайдың жаңағы сырттағы сезімін одан сайын қоздырып, намыс буа түскендей болады. Бірақ сабыр сақтаған қалпы төрге озып жайғасқан соң: – Біздің қазақ «жақсы күй – жан азығы», «жақсыны көрмек үшін» дейді. Құлыбай-бақшының даңқын сыртынан естуші едім, енді, міне, көз көргенге қуаныштамын! – деп сұлу, сыпайы тіл қатады. Бірақ жездесініп отырған Мәмбет-Пана иықтап қоймайды: – Ау, балдыз, сен өйтіп сынықсыма, бұл жерде саған бұйыратындай қыз жоқ, онан да Құлыбай-бақшының мысы басып, жауыр аттай маймаңдап отырмын десейші! – деп қусыра түседі. Сонда Өскенбай, мұнан ары шыдай алмай: – Апыр-ай, жездеке-ай, болмадыңыз ғой! Тәуекел, қазақ пен түркіменге бірде жеңіп, бірде жеңіліп, бірде жығып, бірде жығылып жүрген қашаннан жарасушы еді. Азар болса, Құлыбай-бақшы Хиуаны ауызына қаратқан шығар. Ал Кіші жүздің үш тақтасын ауызына қаратқан алты науайының бірі мен боламын! Бері бер дутарыңды! – дегенде Өскенбайдың жоны шымырлап, арқасы қозып, өңі алабұртып кетсе керек. Құлыбай-бақшы дутарын ұстата берген екен. Сол жерде дутардың үнін де құбылтып, өзінің қимылын да құбылтып, бұрын-соңды қазақ, түркімен естімеген ойнақы сазды құйқылжыта тартып шығады да, дутарды Құлыбай-бақшыға тастай салады. Өскенбай да іркілмейді, тура алғашқы өз күйінің сыңарындай, қитұрқы қағысы мол екінші күйін бұлаңдата қағып шығады. Осы кезде Мәмбет-Пана: – Ал, ағайын менен бір сауға болсын! Бұл жолы біреудің жеңуін көруді мұрат тұтпай-ақ қоялық. Екеуі де шалғыш екен, төрелік тең болсын! – деп күй айтысын тоқтатқан екен. Өскенбайдың осы жолы тартқан екі күйі де ел ішіне «Жаңылтпаш» деген атпен тараған.
English
Tongue twister
Öskenbay's upbringing has always been intertwined with the Turkmen relatives, and the friendly interactions have never ceased. Especially among the men, a relationship based on kinship and camaraderie has established itself, which has turned into a tradition of exchanges and playful banter. Can a man be estranged from the national traditions of his people? Öskenbay, the musician, also had musician friends among the Turkmen, such as Qulbay, Sapar-Mambet, and Ödeuli, as well as kinship ties with Seyit-Murat and Qosh-Murat. One day, while hunting with a group of friends, Öskenbay was fortunate enough to shoot two wild asses. The place where he shot the wild asses was not far from the areas known as Ulyqudyq and Sauqudyq, where his kin lived. Öskenbay thought, “I should bring joy to my relatives,” and he tied the two wild asses to his horse and headed towards the village of Seyit-Murat and Qosh-Murat. As he approached the village, he saw several horses tied outside the house. He heard a loud commotion coming from inside. When Öskenbay made a sound, Qosh-Murat, his relative, rushed out and they greeted each other warmly. Happy, Öskenbay unloaded the wild asses. “Hey, what’s all this noise about? Who are these riders?” Öskenbay inquired. “Oh my, why do you ask? Your brother-in-law Mambet-Pana, Naubet the elder, and Udimbet-Salyq, along with other notable figures, are all gathered here to enjoy the performance of Qulbay the bard, who has captivated all of Khiva!” replied Qosh-Murat. Upon hearing the name of Qulbay the bard, whom he knew by reputation, Öskenbay paused and thought, “Oh my, I wonder how it will be!” Then he asked his relative, “I’ve only heard of Qulbay from afar; I’ve never seen him. How is his playing?” “Oh dear, you wouldn’t even dare to hold a dombra next to him!” Qosh-Murat teased Öskenbay, igniting his pride. As they entered the house, they found Mambet-Pana and other distinguished guests seated at the top. In their midst, Qulbay the bard was passionately playing his long-necked dombra. “Oh, it’s my brother-in-law! Come, take a seat!” Mambet-Pana said, raising his head, “Come, brother-in-law, you also have something to play; you will learn from Qulbay the bard!” Mambet-Pana’s teasing words stirred Öskenbay’s earlier feelings even more, making him feel a surge of pride. However, after maintaining his composure, he settled into a seat and said: “Our Kazakhs say, ‘A good tune is nourishment for the soul,’ and ‘To see the good.’ I had heard of Qulbay the bard’s fame from afar, and now I am delighted to see him!” he spoke gracefully and politely. But Mambet-Pana wouldn’t let it go: “Hey, brother-in-law, don’t be so modest; there’s no girl here for you to impress. Instead, say that I am sitting here, overshadowed by Qulbay the bard, like a worn-out horse!” he continued to tease. At that moment, Öskenbay could no longer hold back: “Oh my, brother-in-law, you’re being unreasonable! Come on, the Kazakhs and Turkmens have always been winning and losing, falling and getting up together. If anything, Qulbay the bard might have captivated Khiva. But I am one of the six nawai who have captivated the three boards of the Little Horde! Hand me the dutar!” As Öskenbay spoke, he felt a rush of energy, and his face flushed. Qulbay the bard handed him the dutar. Right there, he began to play a lively tune, unlike anything ever heard by Kazakhs or Turkmens before, and then he tossed the dutar back to Qulbay the bard. Öskenbay did not hesitate, and just like the first tune he played, he struck out a second tune filled with intricate rhythms. At that moment, Mambet-Pana said: “Well, let’s have a friendly wager! This time, let’s not aim to see one of them win. They are both skilled, so let the judgment be fair!” and thus the musical contest was halted. The two tunes Öskenbay played this time spread throughout the land under the name “Zhaniltpash.”