Бұлбұл (II нұсқа)

Ел іші ойын-тойдан, қызықты бас қосудан құр алақан болмайтын әдеті. Ерулік, сыбаға, соғым басы, қымызмұрындық, шашыратқы, сіргежияр, уызқағанақ, ұйқы ашар, бастаңғы, сірне, ұлыстың ұлы күні, асар, шілдехана, бесікке салар, тұсау кесер, сүндет тойы, тоқым қағар, қыз ұзату, келін түсіру, ас беру, міне, мұның бәрі де – ад...

Kazakh
Бұлбұл (II нұсқа)
Ел іші ойын-тойдан, қызықты бас қосудан құр алақан болмайтын әдеті. Ерулік, сыбаға, соғым басы, қымызмұрындық, шашыратқы, сіргежияр, уызқағанақ, ұйқы ашар, бастаңғы, сірне, ұлыстың ұлы күні, асар, шілдехана, бесікке салар, тұсау кесер, сүндет тойы, тоқым қағар, қыз ұзату, келін түсіру, ас беру, міне, мұның бәрі де – адам өмірі, тек қана адамның мейір шуағына бөлену арқылы бақытты болатынын білген елдің өмір салты. Осындай бас қосулардың бірінде Дина өзі қатарлы Балым атты бір қызбен танысады. Табиғаттың жомарттығында шек бар ма, Балымның ақылына көркі сай, аяулы ару болса керек. Әсіресе сызылтып айтқан әндері, сылқылдатып тартқан күйлері Динаға ерекше әсер етеді. «Япырай, бір адамның бойына осынша қасиет біте береді екен-ау!» деп қайран қалады. Осы бір, жалғыз сәт қана бас қосып, дәмдес болған Балым қыз көпке дейін Динаның есінен кетпей жүреді. Қыз баланың өрісі алыстан бұйырған соң ба, жоқ әлде жыл құсындай шашырай көшіп-қонып жүрген ел болған соң ба, әйтеуір, Балым қызға Дина қайтып кездесе алмай жүреді. Уақыт сырғып өтіп жатады. Бұл кезде толықсып бой жеткен Балым қыз бір төреге тұрмысқа шығады. Балым болашақ күйеуіне құлықсыздау болған екен, бірақ төре төрелік мысымен, малының күшімен алса керек. «Жібекті түте алмаған жүн етеді, аруды күте алмаған күң етеді» дегендей, төре Балымға жайсыз болады. Балымды бұлттың көлеңкесінен қызғанып, басынан таяқ айырмайды. Әсіресе ән айтып, күй тартуына тыйым салады. Өнерді өміріне серік етіп өскен Балымды мұндай жағдай құсалыққа ұрындырады. Бір күні күйеуі үйде жоқта Балым көршіден домбыра алдырып, күй тартады. Көптен аңсаған сырласына іштегі шерін ақтарғандай, домбыраны беріле тартып отырады. Қас қылғандай, осы жағдайдың үстіне күйеуі кіріп келеді. Мұндайға төзетін төре ме, шаңырағымды жынның ұясына айналдырдың деп, Балымды оңдырмай сабайды. Осы оқиғадан кейін булығып жылаудан болды ма, жоқ әлде, төренің шолтаңдаған қамшысы тиді ме, әйтеуір Балымның екі көзіне бірдей ақ түседі. Жалғанның шырағындай жанарынан айырылып, аяқ жолын тауып жүру мұң болады. Балымды ару кезінде қадірлей алмаған төре, енді көзіне ақ түсіп, кіріптар болғанда тіптен керексіз етеді. Ақыры, күндердің бір күнінде, тотыдай тарантып алып келген Балымды тоқымдай сүйретіп, төркініне апарып тастайды. Осыдан кейін Балым өмір бойы тағдырына налып, Тәңіріге мұңын шағып өтеді. Көкірегінен небір зарлы әндер ақтарылып, төңірегіне «Соқыр қыздың әні» деп таралып жатады. Бұл өнердің сарыны, ән мен күйге құлағы түрік жүретін Динаға да жетіп жатады. Бірақ «Соқыр қыздың» бір кездегі, ауыл-аймақты аузына қаратқан Балым екенін білмейді. «Япыр- ай, әні қандай мұңды еді, сазы қандай есті еді» деп, таң қалып жүреді. Бір күні ауыл-аймақтың әдеттегідей бас қосуында Дина сырттай ынтығып жүрген «Соқыр қыздың» өзін көреді. Мұндайда сырттай мүсіркеп қоя салатын Дина ма, бақытсыз бейбақтың көңілін аулау үшін жанына барып, қолын алып, күйін тартып, сырласады. Әңгіме үстінде «Соқыр қыздың» баяғы Балым қыз екенін біледі. Мұнан соң Дина тіптен тебіреніп, өз басына түскен нәубеттей күйзеледі. Әрине, қанша тебіреніп, күйзелгенмен күйректікке салыну Динаның табиғатында жоқ. Сол жерде есін жиып, бойын бекітіп, замандас құрбысы Балымға тіл қатады: «Балым, шүкірлік еткенің жөн, ата-анаңның әлпештеген бұлбұлы болып өсіп едің, енді, міне халқыңның ардақтаған бұлбұлы болып жүрсің», – дейді. Жай ғана сөзбен жұбатып қоймайды, кейін Балымға арнап «Бұлбұл» атты күй шығарады.
English
Nightingale (Version II)
The custom of the people is that the countryside is never devoid of games and festivities. Eruulik, sybaga, sogym basy, kymyzmuryndyk, shashyratky, sirgezhiyar, uyzqaghanak, uyqy ashar, bastangy, sirne, ulystyn uly kүni, asar, shildehana, besikke salar, tusau keser, sundet toyi, toqym qagar, qyz uzatu, kelin tusiru, as beru – all of these are part of life, reflecting the lifestyle of a people who know that happiness comes only through the warmth of human kindness. At one of these gatherings, Dina meets a girl named Balym, who is her equal. In the generosity of nature, Balym is said to possess both beauty and intelligence. Especially her melodious songs and the way she plays the dombra leave a profound impression on Dina. "Wow, how can one person possess so many qualities!" she marvels. This brief moment of connection and sharing with Balym lingers in Dina's mind for a long time. Perhaps it is because the girl’s fate was destined from afar, or maybe because the people are like migratory birds, always moving and shifting, but for some reason, Dina cannot meet Balym again. Time passes. By this time, the now blossomed Balym gets married to a nobleman. Balym was somewhat reluctant about her future husband, but it seems the nobleman took her by force with his authority and wealth. As the saying goes, "If you cannot hold silk, it becomes wool; if you cannot cherish a beauty, she becomes a servant," the nobleman becomes unpleasant towards Balym. He is jealous of her, not allowing her to sing or play music. Growing up with art as a companion, such a situation drives Balym into despair. One day, while her husband is away, Balym borrows a dombra from a neighbor and plays music. As if pouring out her heart to a longed-for confidant, she plays the dombra with passion. Just then, her husband walks in. Can a nobleman tolerate such a thing? He beats Balym mercilessly, accusing her of turning their home into a den of demons. After this incident, whether it was from crying in silence or from the sting of the nobleman's whip, Balym's eyes turn white. Losing the light of her life, it becomes a sorrow to find her way. The nobleman, who did not appreciate Balym in her beauty, now finds her useless when she becomes blind and dependent. Eventually, one day, he drags Balym, who was once brought in like a parrot, back to her family, leaving her there. After this, Balym spends her life lamenting her fate, pouring her sorrows to God. Many sorrowful songs flow from her heart, spreading around as "The Blind Girl's Song." The essence of this art reaches Dina, who has an ear for music and song. However, she does not know that "The Blind Girl" was once the Balym who captivated the entire village. "Oh my, how mournful was her song, how beautiful was her melody," she marvels. One day, at a gathering in the village, Dina sees "The Blind Girl" she has been secretly admiring. Rather than just pitying her from afar, Dina approaches her to comfort the unfortunate soul, taking her hand, playing her music, and sharing stories. During their conversation, she learns that "The Blind Girl" is indeed the former Balym. After this, Dina is deeply moved and feels the weight of her own misfortunes. Of course, no matter how much she is moved and distressed, succumbing to despair is not in Dina's nature. There, she regains her composure and speaks to her contemporary friend Balym: "Balym, you should be grateful; you grew up as the nightingale cherished by your parents, and now, look, you are the nightingale honored by your people," she says. Not only does she comfort her with words, but later, she composes a piece of music titled "Nightingale" for Balym.