Бұлбұл Айша (І нұсқа)

Сейтек Элиста маңындағы қалмақ ауылдарында да болып, күйшінің өзі айтпақшы, бірнеше би күйлерін үйреніп қайтады. Астрахань губерниясынан қайтар жолда екеуі бір ауылға тап болады. Төбелері көрінгеннен алдарынан шығып, бұларды аттан түсіріп, аяқтарын жерге тигізбей оқшау тігілген айдынды ақ отауға алып келеді. Жұрт абыр-...

Kazakh
Бұлбұл Айша (І нұсқа)
Сейтек Элиста маңындағы қалмақ ауылдарында да болып, күйшінің өзі айтпақшы, бірнеше би күйлерін үйреніп қайтады. Астрахань губерниясынан қайтар жолда екеуі бір ауылға тап болады. Төбелері көрінгеннен алдарынан шығып, бұларды аттан түсіріп, аяқтарын жерге тигізбей оқшау тігілген айдынды ақ отауға алып келеді. Жұрт абыр-сабыр, гу-гу, қошемет. Сақаман күліп Сейтекке: «Әй, осылар дәу де болса бізді біреумен шатастырды» деп еді, ол жайбарақат: «Саспа, әліптің артын бағайық, біздің неміз кетіп барады?» деп жауап береді. Әлден уақытта ең үлкен ақ отаудың иесі Құмар келеді. Ат үстінен түспей жатып, ауылдастарынан: «Не болды, құда мен күйеу бала келді ме?» деп сұрап жатыр. «Қайдам, екі кісі келді, жік- жапар боп қарсы алдық. Бірақ қайсысы күйеу екенін біле алмай отырмыз», – десті жұрт. Бұлардың айтуына қарағанда, ауылға әкеп түсіргендері кездейсоқ бір жолаушылар боп шықты. Шамалы уақыт өткен соң шын қонақтардың өздері де келді. Оларды қол қусырып күтіп ап, Сейтек пен Сақаманнан жоғары отырғызады. Құмар енді Сейтек пен оның серігіне көңіл аударуды қойып, біресе құдасымен, біресе күйеу баласымен әжін- гүжің әңгімелесіп кеткен еді. Мұнысын көңіліне дық алған Сейтек өзін танытудың бір орайын іздеп отырды. Күн кешкіріп ойын-сауық басталды. Сейтек домбырасын алып, бірнеше күй тартып өтті. Жұрт назары енді бұған ауды. Үй иесі менсінбеген сыңаймен: «Сейтек деген осы сен емессің бе? Домбыра тартуың аз-мұз соған ұқсайды екен», – деп ернінің ұшымен сұрай салды. Сейтек «менмін» деп басын изеді де қойды. Құмар әуелі сыр білдірмесе де, «өзі бір тентек деуші еді, қара басымды қадірлемедің деп сойқан салып жүрер» деп артынан сескеніп қалды. Сол арада қалыңдықтың домбырашы екені де анықталды. Қыз домбырасын алып күй тарта жөнелді. Сейтек оның домбыра шертісін ұнатып қалды да, «қарағым, домбыраң бұлбұлдай сайрайды екен» деп сол Айша атты қызға арнап табанда бір күй тартады. Ел арасына ол күй «Бұлбұл Айша» деген атпен тарап кетеді.
English
Nightingale Aisha (Version I)
Seitek also visited the Kalmyk villages near Elista and, as the musician himself mentioned, returned having learned several dance melodies. On their way back from the Astrakhan province, the two stumbled upon a village. As soon as they appeared on the horizon, they were greeted by the villagers, who dismounted them from their horses and took them to a secluded, spacious white yurt without letting their feet touch the ground. The crowd was bustling, murmuring, and cheering. Sakaman, laughing, said to Seitek, "Hey, they must have confused us with someone else," to which Seitek calmly replied, "Don't worry, let's wait and see; what do we have to lose?" After a while, the owner of the largest white yurt, Qumar, arrived. Without dismounting, he asked the villagers, "What happened, did the matchmaker and the groom arrive?" The villagers replied, "We don't know, two people came, and we welcomed them warmly. But we can't tell which one is the groom." According to their words, it turned out that those who brought them to the village were just random travelers. After a little while, the real guests arrived. They were welcomed with folded hands and seated above Seitek and Sakaman. Qumar then stopped paying attention to Seitek and his companion and began chatting with his matchmaker and the groom. Seitek, feeling slighted by this, was looking for an opportunity to introduce himself. As evening approached, the entertainment began. Seitek took his dombra and played several melodies. The crowd's attention turned to him. The host, feigning indifference, asked, "Aren't you the one called Seitek? Your dombra playing seems a bit like his," with a hint of sarcasm. Seitek nodded, acknowledging, "That's me." Although Qumar initially showed no signs of recognition, he later became wary, thinking, "They say he is a bit of a troublemaker; he might cause a scene if he feels disrespected." At that moment, it was also revealed that the bride was a dombra player. The girl picked up her dombra and started playing a melody. Seitek, enjoying her playing, immediately composed a melody for her, saying, "My dear, your dombra sings like a nightingale." This melody became known among the people as "Nightingale Aisha."