Бұлбұл Айша (IІ нұсқа)

Жайық бойында отыратын дәулеті шалқып, ырысы артқан Байғұмар деген кісінің домбыра шертіп, күй шығарып аты шыққан ақылы мен сымбаты сәйкескен Айша деген өзі зерек, өзі сұлу қызы болған екен. Айшаның атын естіген күйші Сейітбек деген жігіт оны іздеп барып, қызбен өнер сынасып көңіл береді, бірақ Байғұмар қолында қу домб...

Kazakh
Бұлбұл Айша (IІ нұсқа)
Жайық бойында отыратын дәулеті шалқып, ырысы артқан Байғұмар деген кісінің домбыра шертіп, күй шығарып аты шыққан ақылы мен сымбаты сәйкескен Айша деген өзі зерек, өзі сұлу қызы болған екен. Айшаның атын естіген күйші Сейітбек деген жігіт оны іздеп барып, қызбен өнер сынасып көңіл береді, бірақ Байғұмар қолында қу домбырасынан басқа ештеңесі жоқ Сейітбекті жақтырмайды. Бұл қорлықпен өртенген Сейітбек қос ішектен мың түрлі құбылтып сайраған бұлбұлдың әуенін шығарып, «Бұлбұл Айша» деп атап күй шерткен екен.
English
Nightingale Aisha (Version II)
There was a man named Baiğumar, whose wealth flourished and fortune increased, living by the Ural River. He had a daughter named Aisha, who was both clever and beautiful, known for playing the dombra and composing music. Hearing Aisha's name, a musician named Seyitbek went to seek her out, and he tried to win her heart by showcasing his talent. However, Baiğumar did not take a liking to Seyitbek, who had nothing but a worn-out dombra in his possession. In response to this humiliation, Seyitbek created a melody that transformed the strings into the song of a nightingale, and he played a piece called "Nightingale Aisha."