Бес қыз (ІІ нұсқа)

...Сейтек нағашысы Дәулетиярдың сыйға берген іңгеншесіне мініп ауылына қайтқанда, жолшыбай жанында бір топ шабармандары бар Арсыланкерей кездесіп, Сейтектің астындағы іңгеншені тартып алады. Соны кек сақтап қалған Сейтек жанына Сахаманды ертіп барымтаға аттанады. Төре Арсыланкерейдің жайылыста жүрген бір үйір жылқысына...

Kazakh
Бес қыз (ІІ нұсқа)
...Сейтек нағашысы Дәулетиярдың сыйға берген іңгеншесіне мініп ауылына қайтқанда, жолшыбай жанында бір топ шабармандары бар Арсыланкерей кездесіп, Сейтектің астындағы іңгеншені тартып алады. Соны кек сақтап қалған Сейтек жанына Сахаманды ертіп барымтаға аттанады. Төре Арсыланкерейдің жайылыста жүрген бір үйір жылқысынан екі семіз атты алып келеді де, іңгеншенің құны үшін деп кедейлерге сойып береді. Осыны сылтау еткен төрелер енді Сейтектің соңына шырақ алып түседі. «Аңдушыны алушы жеңеді» деп халық айтқандай, ізге түскен төрелер ақыры қалмай жүріп, Сейтекті қапылыста ұстап, Орданың түрмесіне жабады. Бірақ Сейтек түрмеде көп жатпай қашып шығады... Осы бетімен үйіне соқпастан Нарын құмына кетеді. Еділ бойын, Қалмақ қырын түгел аралайды, делінген еді. Сейтек қалмақ жерінде жүргенде бір үйге келсе, үйде бес қыз іс тігіп отыр екен. Бірақ Сейтек бұларға шөлдеп, сусын ішуге келгенін айтады. Сол кезде, отырған қыздардың біреуі орнынан тұрып, шалап бермекші болып жүре бергенде Сейтектің қолындағы домбырасын көріп: «Сіз бізге саз тартып бермесеңіз, үйден шығармаймыз», – деп қалжыңдайды. Мұндай қалжыңның талайын көрген Сейтек, сусынға қанып алғаннан кейін, тамағын кенеп: «Егер сендер билейтін болсаңдар, мен саз тартайын», – дейді. Осыны естуі-ақ мұң екен, қыздар орындарынан ұшып тұрып, билеуге дайындалады. Бұл жағдайды көрген Сейтек, киіз қаптан домбыраны шығарып алып, бір күйді тартып жібереді. Күйдің әсем сазына бес қыз ұршықтай үйіріліп билей жөнеледі. Күйдің музыкалық үнінде қалмақ сазына жақын келетін элементтер мол болғандықта ба, әйтеуір, осы бір күйдің сазы қыздарға қатты ұнап қалады. Сейтек домбырасын құйқылжытып, біраз тартып-тартып тоқтаған кезде қыздар Сейтекті ортаға алып: «Бұл не деген күй, аты қалай?» – деп сұрайды. Аяқ астынан қойылған мұндай сауалға бірден не дерін білмей қалған Сейтек, сәл кідіреді де: «Осы отырған бесеуіңе арнаған «Бес қыз» атты күйім болсын», – деп үйден шығып кетеді...
English
Five Girls (Version II)
...When Seytek was returning to his village riding the mare gifted by his maternal uncle Dauletiyar, he encountered a group of messengers led by Arsylenkeri, who took the mare from under him. Holding a grudge over this, Seytek set out for a raid, taking Sakhmandy with him. He brought back two fat horses from a herd belonging to the noble Arsylenkeri that was grazing nearby and slaughtered them for the poor as compensation for the mare. Using this as an excuse, the nobles began to pursue Seytek relentlessly. As the saying goes, "The pursuer wins," the nobles eventually caught up with Seytek and imprisoned him in the Orda's jail. However, Seytek did not stay in prison for long and managed to escape... Without stopping at home, he headed to the Naryn sands. It was said that he roamed the banks of the Volga and the Kalmyk steppe entirely. While Seytek was in Kalmyk territory, he arrived at a house where five girls were sewing. However, Seytek told them that he had come to quench his thirst. At that moment, one of the girls stood up to fetch him some drink, but upon seeing the dombra in Seytek's hand, she joked, "If you don't play us some music, we won't let you leave the house." Having heard many such jokes, Seytek, after quenching his thirst, said, "If you are going to dance, I will play some music." As soon as they heard this, the girls jumped up from their seats and prepared to dance. Seeing this, Seytek took the dombra out of its bag and played a tune. To the beautiful melody, the five girls began to dance gracefully. There were many elements in the musical sound that closely resembled Kalmyk melodies, and somehow, the tune captivated the girls greatly. When Seytek played the dombra skillfully and paused for a moment, the girls surrounded him and asked, "What is this tune called?" Caught off guard by such an unexpected question, Seytek hesitated for a moment and then said, "Let it be a tune called 'Five Girls' dedicated to all five of you," and he left the house...