Шәрипа

Қанша қиындық көріп, тауқымет тартса да, Сейтек салы суға кететін жан емес-тін. Жасы алпысқа таянса да бойында күші мол, қайратты, әжуалағысы келгендерге ақысын жібере қоймайтын. Осы сөзімді тірілтейік. Бір күндері Сейтектің аулына аузында бейпіл сөз, қолында жалаңдаған пышағы бар, елді үркітіп, қорқытып бір есерсоқ жа...

Kazakh
Шәрипа
Қанша қиындық көріп, тауқымет тартса да, Сейтек салы суға кететін жан емес-тін. Жасы алпысқа таянса да бойында күші мол, қайратты, әжуалағысы келгендерге ақысын жібере қоймайтын. Осы сөзімді тірілтейік. Бір күндері Сейтектің аулына аузында бейпіл сөз, қолында жалаңдаған пышағы бар, елді үркітіп, қорқытып бір есерсоқ жас жігіт келе қалады. Сейтек бір досының үйінде шай ішіп отырған. Бабымен шай ішіп, балқып отырғанда біреу-міреу келіп мазасын алса, ондай адамның сыбағасын беретін. Әлгі жігіт те үйге дәл осындай сәтте баса көктеп кіріп келіп еді. Көзінің еті өскен көргенсіз, келе «алжыған қақбас» деп Сейтекті жерден алып, жерге салды. Сейтек әуелі үндемей, жайбарақат шайын ұрттап отыра берген. Жігіттің одан сайын жыны келеді. Енді үйдегілерді түгел сыпыртып шығып, шай құйып отырған осы үйдің келіні Шәрипаға тиісе бергенде, Сейтек ақырын ғана оған: «Қарағым, шайыңды іш, суып қалды. Шамасы жоқ шалдар мен әлжуаз әйелдерге ұрынып не қыласың, өзің қайратты бала көрінесің, шырағым», – дейді. Ұр да жық, алаңғасар жігіт сөз астарын түсіне ме, орнынан атып тұрып, «ә, сайтан шал, сен маған ақыл үйретпекшімісің?!» деп атасындай Сейтекке дүрсе қоя беріп, пышақ ала ұмтылған. Сейтек көз ілеспес шапшаңдықпен пышақ ұстаған қолын шап беріп, қайырып жібереді де, пышағын жұлып алады. Сосын әкіреңдеген немені аяғының астына басып отырып, асықпай шайын іше береді. Шайын ішіп болған соң Сейтек әлгі жігітті тұрғызып, бір нұқып қалып еді, қаңбақтай ұшып барып есіктің аржағына топ ете түсті. Сол жатқаннан ол тырп етпей біраз жатты. Жүрген жерінде жұрттың берекесін қашырып, зәресін ұшыратын жетесіздің бұл үйге де кіріп келіп сойқан салмақ болған түрін көргенде жүрегі тас төбесіне шыққан Шәрипа оның ақ сайтанын қағып алған Сейтектің ерлігіне қайран қап, алғысын білдіреді. Әйтсе де, «дастарханның шырқы бұзылмасын, тентек те болса қонақ қой, шай ішсін, рұқсат етіңіз», – деп келіншек Сейтекке қиыла тілек айтты. Шәрипаның мына ақылдығы мен қайырымдылығына риза болған күйші сол жерде Шәрипаға арнап бір күй тартады. Ел арасына да сол атпен тарап кеткен.
English
Sharipa
No matter how many hardships he faced, Seytek was not the kind of person to let himself be overwhelmed. Even as he approached sixty, he was strong and vigorous, not one to let those who wanted to mock him get away with it. Let me bring this to life. One day, a young man, reckless and armed with a knife, came to Seytek's village, causing fear and panic among the people. Seytek was having tea at a friend's house. While he was enjoying his tea, if someone disturbed him, he would make sure to give them their due. At that very moment, the young man barged into the house. A brazen fellow, he came in and called Seytek a "crazy old fool," trying to put him down. Seytek initially remained silent, calmly sipping his tea. The young man grew angrier. When he started to harass the bride of the house, Sharipa, who was pouring tea, Seytek gently said to her, "My dear, drink your tea; it's getting cold. Why bother with weak old men and frail women? You seem like a strong young man, my boy." The reckless young man, not understanding the underlying meaning of the words, jumped up and shouted, "Oh, you old devil, are you trying to teach me a lesson?!" and lunged at Seytek with his knife. Seytek, with lightning speed, grabbed the young man's hand holding the knife, twisted it, and snatched the knife away. Then, sitting down, he placed his foot on the brash young man and leisurely continued to drink his tea. After finishing his tea, Seytek stood the young man up and gave him a light push, sending him flying to the other side of the door. He lay there motionless for a while. Seeing this reckless man, who brought chaos and fear wherever he went, trying to cause a ruckus in their home, Sharipa's heart raced, and she was amazed by Seytek's bravery in disarming the young man. Nevertheless, she said, "Let’s not disrupt the table; he may be a troublemaker, but he is still a guest. Let him drink tea; please allow it," expressing her kind wishes to Seytek. Pleased with Sharipa's wisdom and kindness, the musician played a tune dedicated to her right there. This tune spread among the people under that name.