Kazakh
Сексен ер
Ордада құралған атты әскер полкінің қатары күн санап көбейе берді. Полкке жаңа келген қазақ жастарынан құралған жүз отыз адамнан тұратын бөлімшені Бейсен Жәнекешев басқарған болатын. Осы бөлімше 1919 жылы 15 желтоқсанда Ордаға келіп аялдайды. Ал бұл кезде ішкі жаулар мен бандылардың жасырын әрекеттері әлі де тоқталмаған кезі еді. Қолдарында қаруы жетіспеген, әрі әскери тәжірибесі жоқ, жаңадан ұйымдасқан осы бөлімшенің Ордаға келгенін елін сатқан жексұрын Мылқайдар деген біліп қойып, Анохиннің бастауындағы бандыларға хабарлайды. Түн ортасы ауа Анохиннің бандылары бейқам жатқан жүз отыз жігітті қоршап алады. Тірідей жау қолына түсуді ар көрген қызыл әскерлер қарулы жаумен арпалысады. Осы соғыста елу адам тірі қалады да, сексен жігіт қаза болады.
Осындай халықтың азаттығы мен бостандығы жолында құрбан болған сексен жігіттің өліміне Бейсен Жәнекешев:
Аттанып Нарынқұмға баралық та,
Қылышты қызыл қанға малалық та.
Кешегі құрбан болған сексен жігіт
Жолына Мылқайдарды шалалық та! –
деп, қалған сарбаздарын ертіп Нарын құмына аттанады. Құмдағы шағыл арасында жасырынып, қашып жүрген Мылқайдардың басын кесіп алады.
Сексен жігіттің өліміне қатты қайғырған Сейтек:
«Қайран, қапыда кеткен ерлерім-ай!» – деп, «Сексен ер» атты күйін тебірене отырып шығарды.
English
Eighty men
The ranks of the cavalry regiment formed in the Orda continued to grow day by day. A unit consisting of one hundred thirty young Kazakhs who had recently joined the regiment was led by Beysen Zhanekeshev. This unit arrived in the Orda on December 15, 1919. At that time, the secret activities of internal enemies and bandits had not yet ceased. Knowing that this newly organized unit, which lacked weapons and military experience, had come to the Orda, the traitor Mylkhaidar informed the bandits led by Anokhin. Late at night, Anokhin's band surrounded the one hundred thirty unsuspecting young men. The Red Army soldiers, who considered it disgraceful to fall alive into the hands of the enemy, fought fiercely against the armed foe. In this battle, fifty men survived, while eighty young men perished.
In memory of the eighty young men who sacrificed their lives for the freedom and independence of the people, Beysen Zhanekeshev said:
"Let us set off to Narynkum,
And let us bathe our swords in red blood.
The eighty young men who fell yesterday
Let us take revenge on Mylkhaidar!" –
and he set off to Narynkum with the remaining soldiers. They hid among the dunes in the sand and beheaded Mylkhaidar.
Seytek, who was deeply saddened by the death of the eighty young men, lamented:
"Oh, my brave men who fell unexpectedly!" – and he composed the poignant melody titled "Eighty Heroes."