Терісқақпай

Айсыз түн, қызыл іңір. Үштас жайлауының төрінде отырған Қара Оспан бидің сегіз қанат ордасының жанынан жалғыз өтіп бара жатқан Мүкей, үй ішінде шертіліп жатқан күйді құлағы шалады да, атын қалтарысқа бекітіп қойып, үй іргесіне таяу келіп күй тыңдайды. Оны сай тазанына ат қойып келе жатқан екі жігіт шалып қалады да, «ба...

Kazakh
Терісқақпай
Айсыз түн, қызыл іңір. Үштас жайлауының төрінде отырған Қара Оспан бидің сегіз қанат ордасының жанынан жалғыз өтіп бара жатқан Мүкей, үй ішінде шертіліп жатқан күйді құлағы шалады да, атын қалтарысқа бекітіп қойып, үй іргесіне таяу келіп күй тыңдайды. Оны сай тазанына ат қойып келе жатқан екі жігіт шалып қалады да, «баспалап жүрген ұры», – деп ұстап алып, Қара Оспанның алдына апарады. Өзінің үй іргесіне не үшін келгендігін сендіре алмаған Мүкей Қара Оспанды мойындату үшін, өнерін паш етіп күй шертеді. Қара Оспан да күмәннан айығып, оның күйшілік өнерін қадір тұтады. Қара Оспанның өзі де Мүкеймен күй шертіседі, қонақ етеді. Ертеңінде Мүкей мал дауымен Қара Оспанға келген екі адамның әңгімесін тыңдайды. Оның біреуі жоқ-жітік еді. Бұл дауға Қара Оспанның дұрыс қазылық етпей, бардамға жан басып, кедейді айыпты еткенін көреді де, бидің әділетсіздігіне төзе алмаған Мүкей, Қара Оспанның үйінде отырып қолма-қол «Теріс қақпай» күйін шығарып шертеді. Күйдің сол кездегі аты «Қақпай» болып, кейін «Теріс қақпай» деп аталып кеткен.
English
Teriskakpay
A moonless night, a red twilight. Mukey, passing by the eight-winged yurt of Kar Ospan bi, who is sitting at the top of the Ustas pasture, hears the music being played inside and ties his horse in a hidden spot, coming closer to the house to listen to the tune. Two young men who are bringing a horse to the site spot him and, thinking he is a "sneaky thief," capture him and take him before Kar Ospan. Unable to convince Kar Ospan why he came near his house, Mukey decides to showcase his talent and plays a tune. Kar Ospan, freed from doubt, appreciates his musical skill. Kar Ospan himself plays music with Mukey and hosts him. The next day, Mukey listens to the conversation of two people who came to Kar Ospan regarding a livestock dispute. One of them was poor. Seeing that Kar Ospan did not judge the case fairly, siding with the well-off and blaming the poor, Mukey, unable to tolerate the bi's injustice, sits in Kar Ospan's house and immediately composes and plays the tune "Teris Qakpay." At that time, the tune was called "Qakpay," and later it became known as "Teris Qakpay."