Күзетші қыз

Көгілдір ай сәулесі түсіп тұр. Жайлаудың жалпақ беткейіндегі ұйқыға батқан ауылдың солтүстік астырты теріскейлі бүргені қалың болып, осы шытырманның арасын жарып өткен жан жолмен екі жүргінші келе жатты. Олар күзеттегі қыздардың «Екі-ай жирен» әнін құмарта тыңдап, Шоқпар тас түбегіндегі самырсынға аттарын бекітті де, о...

Kazakh
Күзетші қыз
Көгілдір ай сәулесі түсіп тұр. Жайлаудың жалпақ беткейіндегі ұйқыға батқан ауылдың солтүстік астырты теріскейлі бүргені қалың болып, осы шытырманның арасын жарып өткен жан жолмен екі жүргінші келе жатты. Олар күзеттегі қыздардың «Екі-ай жирен» әнін құмарта тыңдап, Шоқпар тас түбегіндегі самырсынға аттарын бекітті де, ойға алып келген байекеңнің ақбоз жүйрігін алып кетуді ойлайды. Күзетші қыздар бір мезет айтқан әндерін тоқтатып, күй шертеді. Бұл күй Мүкейдің «Жетім торы ат» күйі еді. Қыздардың күйдің ырғағын толық түсіре алмай отырғанын аңғарған Мүкей, қасындағы жолдасына: «Мен жолаушы бейнесімен қыздарға барып, күй шертіп айналдыра тұрайын, сен осы орайда ақбоз жүйрікті алып кет», – дейді. Кәперсіз аттан түсіп жатқан жігітті көрген қыздар үркердей боп орындарынан тұрды. Олар жігіттің аман-сәлемін қымсына алғандай болды. Мүкей қыздарға: – Жолаушы едім, шерткен күйлеріңізді тыңдап сауық бар екен деп әдейі бұрылдым. Мен де өздеріңіз сияқты күйқұмар жан едім. Қане шертіңіздер, күйлеріңізді тыңдап көрелік, – дейді. Үш қыздың екеуі бұйығылау болса керек, бірін-бірі құшақтап, сұңғақтау, ересек қыздың артын ала ығыстап тұр. Үкілі құндыз бөрік, қос етек көйлек, шынтақ жең камзол киген қыз тіл қатты: – Ағай, біз сізден «қараңғыда не қылған кісі?» деп қорқып қалсақ, онда жақсы болды ғой. Келіңіз, отырыңыз, – деп үстіне алаша жабылып, ішіне сырмақ төселген күркені нұсқады. Әлгі сұңғақтау қыз наздана сөйлеп: – Ағай, сіз Мүкей деген күйшінің «Жетім торы ат» деген күйін білесіз бе? – деді. Тұнық құлын даусына күміс шолпысы да үн қосқандай сыңғыр етті. Оның ай нұрына шағылған ақша бетінен еркелік пен өткірліктің, талап пен талғамның таңғы самалы есіп тұрғандай. Қыздың қылықты сипатына жүрегі жылыған жігіт: – Қарындас Мүкей дегеніңізді танымасам да, «Жетім торы ат» деген күйінен хабарым бар еді. Домбыраңызды беріңіз, шертіп көрейін, – деп еді, қыз домбыраны ұсынды. Майысқан, күміс сақиналы, сүйрік саусақтардың салалы уысынан сүйкімді қыздың үкілі домбырасын алды да, Мүкей «Жетім торы ат» күйін бебеулетіп жіберді. Жалынды күйшінің саусағынан күй сезімінің саф алтыны төгілгендей болып, балауса қыздың балғын көңілін балбыратып бара жатқан сияқты. – Бәсе, осылай шертілетін сияқты еді, – деп қайта-қайта шерткізіп тыңдай береді. Ақшарбы бұлттардың арасынан ақ сәулесін шашыратып, сұлу Шолпан да сығалай бастады. Жігіт күйді тоқтатып, аттануға ыңғайланып еді, күзетші қыз қиыла сөйлеп: – Ағай, сізге рахмет! Біз үшін жолыңыздан бөгелдіңіз. Ауылыңыз шалғай болмаса, бұдан кейін де өнеріңізге ортақ болғым келеді, – деп қимас досынан айырылғандай мұңайып орнынан тұрды. – Ақжарқын қарындас, сіз де сау болыңыз! Өнер құмар жаныңыздан айналдым! Тәлейым болса, тағы да көрісерміз... Жігітті қолтықтап аттандырған қыздың қызулы алақаны, оның жүрегіне сөнбестей от ұшқынын тұтатып жібергендей еді. «Осындай бір кінәдан пәк періштені қалайша алдауға қидым» дейтін өкінішті ой жігіт жүрегінде кете берді... Сәресіден тұрған байекең жүйрікті жоқтайды. Күзетші қыздар ешкімді көрмегенін айтып, болған істі жасырып қалады. Ұл орнына ұл, қыз орнына қыз болып жүрген жалғыз еркесінің сырын білетін байекең онан ары қузап айттыруға бата алмайды. Күндер өтіп жатты... Қыз үйінен ұрланып, қалың қарағайдың арасында домбыра шертіп отырған жерінде әкесі абайсыздан үстінен түсіп қалады. Қыздың шертіп отырғаны Мүкейдің «Жетім торы ат» күйі еді. «Қалқам-ау, сол жоғалған хайуан сенің үйренген өнеріңнен садаға, Мүкейдің күйін үйреніпсің ғой», – деп әкесі қызының маңдайынан искейді. Аттың жоғалуы Мүкейден екендігі деректен еді. Қызы да болған істі жасырмай айта салады. Бірнеше жылдан соң, ат иесі бір үлкен аста күй шертіп отырған Мүкейге кезігіп: «Менің жүйрік көгімді алғандығың шүбәсіз. Бірақ қайтармай-ақ қой, сен оның бодауына, менің балама «Жетім торыңды» ерттеп мінгізіп кетіпсің. Менің ақбозым сол «Жетім торыңның» ауыздығына байлаған баламның тілашары болсын», – деп кешіріпті. Күйші аталы сөз алдында басын иіп, сол ас үстінде «сіздің балаңызға арнауым» деп «Күзетші қыз» күйін шығарыпты.
English
The Guard Girl
The blue moonlight is shining down. In the northern underbelly of the village, which is asleep on the flat slope of the pasture, the thick cover of the thicket parted for two travelers coming along the narrow path. They were listening eagerly to the song "Eki-ai Jiren" sung by the guard girls, and after tying their horses to the cedar on the Shokpar Peninsula, they were thinking of taking away the white horse of the rich man they had brought to mind. The guard girls suddenly stopped their song and began to play a tune. This tune was Mukey's "Zhetim Tori At." Noticing that the girls were struggling to grasp the rhythm of the tune, Mukey said to his companion, "I will go to the girls in the guise of a traveler and play a tune for them; you take the white horse in the meantime." Seeing the carefree young man dismounting from his horse, the girls stood up like a cluster of stars. They seemed shy to greet the young man. Mukey said to the girls: - "I was a traveler and turned aside to listen to your beautiful tunes. I am also a lover of music like you. Come on, play your tunes, let me hear them," he said. Two of the three girls seemed to be shy, hugging each other, while a taller, older girl stood behind them. The girl wearing a beaded sable hat, a long dress, and a long-sleeved jacket spoke up: - "Sir, if we were to be afraid and ask you, 'What are you doing in the dark?' then it would be good. Please come and sit," she said, pointing to a tent covered with a carpet and lined with a felt mat inside. The taller girl spoke teasingly: - "Sir, do you know Mukey's tune 'Zhetim Tori At'?" The clear voice of the girl seemed to chime in harmony with her silver jingling. The moonlight reflected on her delicate face, as if the morning breeze of tenderness, sharpness, aspiration, and taste was blowing. The young man, warmed by the girl's charming demeanor, replied: - "Sister, even if I do not know Mukey, I am familiar with the tune 'Zhetim Tori At.' Please give me your dombra, let me try playing it," he said, and the girl offered the dombra. He took the charming girl's feathered dombra from her slender fingers and began to play Mukey's "Zhetim Tori At." It seemed as if the pure essence of the musician's feelings was pouring out from his fingers, gently stirring the tender heart of the young girl. - "Indeed, this is how it should be played," he kept saying as he played it repeatedly. The beautiful Venus began to peek through the white clouds, scattering her light. The young man was preparing to stop playing and mount his horse when the guard girl spoke earnestly: - "Thank you, sir! You have interrupted your journey for us. If your village is not far, I would like to share in your art again," she said, standing up as if she had lost a dear friend. - "Dear sister, may you also be well! I am enchanted by your artistic spirit! If fate allows, we will meet again..." The warm hand of the girl who sent him off seemed to ignite an everlasting spark in his heart. The regretful thought of "How could I deceive such an innocent angel?" lingered in the young man's heart... The rich man, having risen early, was searching for his horse. The guard girls claimed they had seen no one and concealed the incident. The rich man, who knew the secret of his only beloved child, could not bring himself to press further. Days went by... The girl, sneaking out of her house, was found by her father while playing the dombra among the thick fir trees. The tune she was playing was Mukey's "Zhetim Tori At." "Oh my dear, that lost animal is a sacrifice for your learned art; you have learned Mukey's tune," her father said, kissing her on the forehead. The loss of the horse was indeed linked to Mukey. The girl did not hide the incident and told everything. Several years later, the horse's owner encountered Mukey, who was playing at a grand feast: "It is undeniable that you took my swift blue horse. But do not return it; you have taken it in exchange for my son riding your 'Zhetim Tori.' Let my white horse be the blessing for my son who is tied to your 'Zhetim Tori,'" he forgave. The musician bowed his head before the elder's words and, at that feast, composed a tune saying, "I dedicate this to your son," and played "Kuzetshi Qyz."