Жанғара күйші

Бір күні мастанған бай атақты Жанғара күйшіні шақырып алып: – Менің кіші тоқалымды күйіңмен ұйытып, ісінен жаңылдырсаң, астыңа ат мінгіземін, жетегіңе түйе беремін. Бұл шартымды орындай алмасаң, бұдан былай домбыраны қолыңа ұстауды қоясың, – дейді. – Мақұл, – дейді күйші. – Ендеше, қазір ол үйге келіп қамыр илейді. Сол...

Kazakh
Жанғара күйші
Бір күні мастанған бай атақты Жанғара күйшіні шақырып алып: – Менің кіші тоқалымды күйіңмен ұйытып, ісінен жаңылдырсаң, астыңа ат мінгіземін, жетегіңе түйе беремін. Бұл шартымды орындай алмасаң, бұдан былай домбыраны қолыңа ұстауды қоясың, – дейді. – Мақұл, – дейді күйші. – Ендеше, қазір ол үйге келіп қамыр илейді. Сол кезде күйіңді бастайсың. Сөйтіп, келіншек қамыр илеуге кірісе бергенде, Жаңғара да бір күйді тарта жөнеледі. Бір күйден соң екінші күйге басады. Бір кезде күйге ұйыған келіншектің қолы керсеннен шығып кетіп, жер сипап отырғанын байқайды. Қараса, байдың қабағы түсіп кетіпті. Жаңғара домбыраны қасына сүйеп қойып: – Байеке, енді кезек сіздікі, – дейді. Бай лажсыздан орнынан тұрып, әлгі айтқан уәдесін орындау үшін, етегін бір қағып, тысқа шығып кетеді.
English
Zhangara the musician
One day, a drunken rich man called the famous musician Jangara and said: – If you can enchant my younger wife with your music and distract her from her work, I will let you ride a horse and give you a camel to lead. If you cannot fulfill this condition, you will stop playing the dombra from now on. – Agreed, – said the musician. – Then, she will come to the house now to knead dough. At that moment, you will start your music. So, as the young woman began to knead the dough, Jangara started to play a tune. After one tune, he moved on to the second. At one point, the young woman, enchanted by the music, lost her grip on the dough and realized she was just sitting there. When she looked, she saw that the rich man's face had fallen. Jangara leaned the dombra against him and said: – Well, it's your turn now, my friend. Reluctantly, the rich man got up and, to fulfill his promise, shook his garment and went outside.