Рақымның өмір толғауы

Еренқабырға өңірінде он саусағы түгел өнер Рақым деген шебер өткен. Ол қазақ халқының мәдени өмірі мен заттық тұрмысына қажетті бұйымдарды өнер өресіне көтерген, өнермен қалың қауымға танылған шебер еді. Рақым тіккен саптама етікті, көксауыр кебісті, ою басқан мәсі мен күміс белбеуді жұрт қадыр тұтқан. Рақымның таутеке...

Kazakh
Рақымның өмір толғауы
Еренқабырға өңірінде он саусағы түгел өнер Рақым деген шебер өткен. Ол қазақ халқының мәдени өмірі мен заттық тұрмысына қажетті бұйымдарды өнер өресіне көтерген, өнермен қалың қауымға танылған шебер еді. Рақым тіккен саптама етікті, көксауыр кебісті, ою басқан мәсі мен күміс белбеуді жұрт қадыр тұтқан. Рақымның таутекенің мүйізінен жезбен оюлап жасаған сары ала шақшасы, сол заманның қолы жеткендері мақтанышпен алып жүретін зіннат бұйымы болған, десе де Рақымның шеберлігін елге айырықша танытқан өнері – оның жасаған домбырасының көркемдігі мен шешендігі екен. Рақым шеберлік өнерінің сыртында, асқан домбырашы да болған кісі. Оның мұндай қасиетіне өз қолымен жасаған домбырасының ойдағыдай шешен де, көркем болуы негіз болатын. Сондықтан ол домбыраның құлағынан тиегіне дейін өзі орналастырып, әрбір пернені орнын тауып байлап қолынан бір-ақ шығарған. Домбыра алуға келгендерге Рақым алдымен өз күйі «Өмір толғауын» тартады екен. «Әзір аттанамын» деп отырған жүргіншілер Рақымның күйін қимай, ақыры атының ерін алуға мәжбүр болады екен. Міне, осылай «Өмір толғауы» жұрттың жүрек қылын тербететін күйге айналған. Рақымның көптеген шәкірті, немесе Рақым қолынан шыққан домбыраны ұстайтын домбырашылар қашан, қай жерде болсын өздерінің күйін Рақымның «Өмір толғауымен» бастайтын болған.
English
The Life Reflection of Rakhym
In the Erenqabyrga region, there lived a master craftsman named Raqym, who was skilled in all ten fingers. He elevated the items necessary for the cultural life and material existence of the Kazakh people to the level of art, becoming a well-known craftsman among the masses. The boots, blue-soled shoes, embroidered felt boots, and silver belts made by Raqym were highly valued by the people. Raqym's yellowish hat, crafted from the horn of a mountain goat and adorned with brass carvings, was a prestigious item that the fortunate of that time carried with pride. However, the art that particularly showcased Raqym's craftsmanship was the beauty and eloquence of the dombra he created. Besides being a master craftsman, Raqym was also an exceptional dombra player. The excellence of his dombra, which he made with his own hands, was the foundation of his remarkable talent. Therefore, he personally arranged everything from the ear to the bridge of the dombra, tying each string in its proper place with his own hands. When people came to buy a dombra, Raqym would first play his own tune, "Omir Tolgau." Travelers who were ready to depart would find it hard to leave Raqym's music and would ultimately be compelled to take the reins of their horses. Thus, "Omir Tolgau" became a melody that resonated with the hearts of the people. Many of Raqym's students, or dombra players who held the dombra made by Raqym, would always begin their performances with Raqym's "Omir Tolgau," no matter when or where they were.