Үш балам

Мұхит Битеновтың күйі. «Үш балам» күйін 1962 жылы автордың өзі орындап, оның шығу тарихын да айтып берді. 1941 жылы Битенов Мұхит Отан соғысына аттанғанда оның үйінде Марат, Мар, Майдан деген үш ұл баласы қалған еді. 1945 жылы Совет Армиясы фашистерді өз жерінде талқандады. Жеңіспен елге оралған Мұхит үйіне оралғанда а...

Kazakh
Үш балам
Мұхит Битеновтың күйі. «Үш балам» күйін 1962 жылы автордың өзі орындап, оның шығу тарихын да айтып берді. 1941 жылы Битенов Мұхит Отан соғысына аттанғанда оның үйінде Марат, Мар, Майдан деген үш ұл баласы қалған еді. 1945 жылы Совет Армиясы фашистерді өз жерінде талқандады. Жеңіспен елге оралған Мұхит үйіне оралғанда алдынан шығатын үш баласының бірі де болмай, бәрінің де қайтыс болғанын естіп, қатты қайғырады. Ол өзіне жұбаныш болар ештеңе таппай, төрде ілулі тұрған домбырасын алып көзден жасын ағыза, толғана, тебірене отырып бір күй тартады. Күйді тыңдап отырғандардың бірі: – Мұхит, мына тартқаныңыз бұрын естілмеген саз ғой, аты қалай? – дегенде: – Я, дұрыс айтасыз! Бұл үш баланың қайғысына арнаған «Үш балам» атты күйім, – депті әрі күйші, әрі жауынгер Мұхит Битенов.
English
Three children
The melody of Mukhit Bitenov. In 1962, the author himself performed the "Three Sons" melody and shared its origin story. In 1941, when Bitenov Mukhit went off to the Great Patriotic War, he left behind three sons named Marat, Mar, and Maidan at home. In 1945, the Soviet Army defeated the fascists on their own land. When Mukhit returned home with victory, he was deeply saddened to learn that none of his three sons were there to greet him, as they had all passed away. Unable to find any solace, he took the dombra hanging on the wall, shed tears, and, filled with emotion, played a melody. One of the listeners of the melody said: – Mukhit, what you are playing is an unheard melody, what is its name? – to which Mukhit Bitenov, both a musician and a soldier, replied: – Yes, you are right! This is my melody called "Three Sons," dedicated to the sorrow of my three sons.