Қорқыт туралы аңыз

Қорқыт жұрттан асқан ақылды, алдағыны болжағыш адам екен. Ол бір жерде отырмай үнемі дүние кезіп, тіршіліктегі жақсы-жаманды көріп, салмақтап, сынап байыбына жетіп, біліп жүріпті. Біреу кәрі, біреу жас, біреу бақытты, біреу бақытсыз, біреу қыршын жас күйінде, біреу қартайып өледі. Жас туып дүниеге келеді, қария өліп дү...

Kazakh
Қорқыт туралы аңыз
Қорқыт жұрттан асқан ақылды, алдағыны болжағыш адам екен. Ол бір жерде отырмай үнемі дүние кезіп, тіршіліктегі жақсы-жаманды көріп, салмақтап, сынап байыбына жетіп, біліп жүріпті. Біреу кәрі, біреу жас, біреу бақытты, біреу бақытсыз, біреу қыршын жас күйінде, біреу қартайып өледі. Жас туып дүниеге келеді, қария өліп дүниемен қош айтысады. Неліктен бұлай? Бірақ қанша ойланып, толғанса да, мұның жауабын таба алмайды. Жасы ұлғайған сайын Қорқыт өлім жайын көбірек ойлайтын болыпты. Өлім түсіне де кіре береді. Бір күні түсінде Қорқыт жапан даланы кезіп келе жатса, көр қазып жатқан бір топ адамға кездесіп, олардан: – Мұны кімге қазып жатырсыңдар? – деп сұрайды. Көр қазушылар: – Қорқыт әулиені қоюға қазып жатырмыз, – дейді. Осыдан сескенеді де, Қорқыт келер күні көр қазылып жатқан жерден басқа, дүниенің екінші бір шетіне сапар шегеді. Бетпақтың шөлін де, Сарыарқаны да түгел кезеді. Қайда жүрсе де, қайда барса да ұйықтаса-ақ болғаны – түсінде өзіне қазылып жатқан көрді көреді. Жер ортасы Сырдарияның жағасы екен. «Жерұйық» осы деп, қазіргі Қорқыт моласы тұрған Сырдарияның жағасына келіп тұрақтайды. «Елімнің Оғыз-қыпшақ заманының тарихи тұлғалары туралы аңыздар қайғысына мың да бір дауа осы болар» деп, Сырдың суына кілемін төсеп, қобызын тартып тұрады.
English
Legend of Korkyt
Korkyt was a man of exceptional wisdom, a seer of the future. He did not stay in one place but constantly wandered the world, observing the good and the bad in life, weighing them, testing them, and gaining understanding. Some were old, some were young, some were happy, and some were unhappy; some died in their prime, while others grew old and passed away. The young are born into the world, and the elderly depart from it. Why is this so? Yet, no matter how much he thought and pondered, he could not find an answer. As he grew older, Korkyt began to think more about death. Death would even enter his dreams. One day, in his dream, as Korkyt was wandering through the vast steppe, he encountered a group of people digging a grave and asked them, – Who are you digging this for? – The grave diggers replied, – We are digging to bury Korkyt the saint. – This frightened him, and Korkyt set off on a journey to the farthest edge of the world, away from the place where the grave was being dug. He traversed the Betpak-Dala desert and the Saryarka region completely. Wherever he went, as soon as he fell asleep, he would see the grave being dug for him in his dreams. The center of the earth was the bank of the Syr Darya River. Believing this to be the "Land of Eternal Life," he settled by the bank of the Syr Darya, where the current Korkyt tomb stands. Thinking, "This might be a remedy for the sorrow of the legends about the historical figures of my Oghuz-Kipchak era," he spread his carpet on the water of the Syr and began to play his kobyz.